• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    ММА федерациясы мен Arlan MMA Pro Team командасы әріптес

    Алматы қаласында қазақстандық ММА аралас жекпе-жек біріккен федерациясының ұйымдастыруымен еліміздегі ММА аралас жекпе-жек спортының дамуына арналған баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлады аталған ұйымның баспасөз қызметі.

    Жиында федерация өкілдері ресейлік М-1 Global ұжымының ұйымдастыруымен өткен байқауда үздік танылған спортшылар мен жаттықтырушыларды құттықтады.
    Еске сала кетсек, былтыр 19 желтоқсаннан бастап М-1 Глобал ұжымы өз сайттарында  «Жыл спортшысы»,  «Жыл серпілісі», «Үздік жекпе-жек», «Жыл сабмишні», «Жыл жаттықтырушысы», «Жыл нокауты» сынды номинациялар бойынша жылдың үздіктерін таңдауды бастаған болатын.

    Онлайн байқау қорытындысында жерлестеріміз —  жеңіл салмақтағы М-1 Global лигасының уақытша чемпионы  Асу Алмабаев «Жыл серпілісі 2019» аталымының жеңімпазы атанса, жеңіл салмақтағы М-1 Global лигасының чемпионы Сергей Морозов «Жыл спортшысы-2019» номинациясының жеңімпазы, ал Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Баян Маратұлы Жанғалов «2019 жыл жаттықтырушысы» атанды.

    Кездесуде тағы бір талқыланған мәселе биылғы ММА-дан ұлттық құрамасының жоспары және Arlan MMA Pro Team кәсіби жекпе-жек командасы мен «Қазақстандық ММА аралас жекпе-жек біріккен федерациясы» РҚБ-ның бірлескен жоспарлары туралы болды.

    Іс-шараға «Қазақстандық ММА аралас жекпе-жек біріккен федерациясы» РҚБ бас директоры Валихан Тен, Arlan MMA Pro Team кәсіби жекпе-жек командасының директоры Төлеген Құмаров, ММА спортындағы жетекші спортшылар мен жаттықтырушылар қатысты.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *