• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Сақтансаң сақтайды

    Жер шарына таралған жаман індеттің қасіреті сәл босаңдай бастаған секілді. Дегенмен де арқаны кеңге салатан уақыт әлі келген жоқ. Ол туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауына айтқан болатын.

    Бүгінгі күні спорт саласы да айтулы дертке қарсы барынша әзірлікпен қарсы тұрып келеді. Спорт – ол денсаулық кепілі. Сонымен қатар еліміздің атын әлемге шығаратын бірден-бір маңызды сала болғандықтан Мемлекет басшысының да спорт саласына ерекше назар аударып отырғаны қуантады. Алматы қаласында көптеген ірі спорт ғимараттары мен дарынды жастарды тәрбиелеп отырған спорт мектептері, интернат-колледждер жетерлік. Сондықтан да еліміздегі ірі мегаполистегі спорт ошақтарының қазіргі кезде жүріп жатқан індетпен қалай күресуде қандай шара қолданып жатқандығы  барша жұртты алаңдататын өзекті мәселе. Осы орайда, жуырда  Оңтүстіктегі спорттың қал-ахуалын білу мақсатында Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков  аталған ведомствоның Алматы қаласындағы бағынышты спорт ұйымдарының жұмысын аралап көрген болатын.

    Іс-сапар барысында вице-министр  Кәркен Ахметов атындағы Олимпиада резерві республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіне және Шаңырақ ауданындағы республикалық мамандандырылған олимпиадалық резервінің мектеп-интернат-колледжіне барып аралап шықты. Аталған оқу орындарының елдегі жағдайға қатысты көлденең тұрған мәселелерімен танысып, мектеп жатақханасы, әр спорт түріне арналған спорт залдары мен асханасының жай-күйін көріп білді. Алматыдаға  тарихы тереңде жатқан спорт мектептерінің ішінде Кәркен Ахметов атындағы Олимпиада резерві республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің алар орны бөлек. Негізі,  айтулы мектеп-колледж көп жылдан бері түртсе  тозығы көрінетін шаққа келіп жеткен болатын. Алланың қалауымен тарихы тереңен тамыр алған айтулы спорт мектебіне басшылыққа Сейілхан Қарақов мырза келгелі, мектеп екінші тынысын алғандай құлпырып сала сала берді. Мектептің ішіндегі спортшыларға арналған жатахана, спорт залдар мен асханалар жаңа заман ағамына  сай қайта жөндеуден өткзіліп, ерекше  бағасын алды. «Жақсы келді –дегенше жарық-келді десеңші»,  демекші, өз ісіне іскер, білгір маман жатпай-тұрмай жан-жақтан демеу көздерін тартып, құрылысын қайта жаңғыртып ел көріп риза болатындай жасап бітірді. Ал, осы мектеп ауласында бой көтерген зәулім дзюдо академиясы туралы айтар сөз өзгеше. Бүгінгі күні зәулім спорт кешенде  жаттығатын жасөспірім балуандар толағай табыстарға қол жеткізуде.  Бұл дзюдо академиясы еліміздегі дзюдо күресіне арналған көшбасшы спорт сарайының бірі бірегейі деп айтуға толық негіз бар. Бота балуандарға бар жағдай жасалған. Жасөпірім балуандардың арманы біреу олимпиада асуын бағындыру. Арманы мықты елдің шығар биігі де жарқын болары сөзсіз. Қазақстанның атын әлемге танытқан бірқатар шоқ жұлдыздардың томағасын сыпырып, қанатын қатайтып шығарып отырған бейне-бір ұстахана іспеттес  айтулы спорт ошағында болған вице-министр Сәкен Мұсайбеков спорт залдары мен жатақхана, асханаларын түгелдей  аралап көріп, мектеп ұжымының жоғары деңгейде бар талапқа сай тыңғылықты  дайындық жұмысына  көзін жеткізіп көңілі толды. Иә, қазіргі жағдайға қатысты соңғы айларды оқушылар мен колледж студенттері  онлайн жүйесімен оқып бітіруге тура келді. Дегенмен де мектеп ұжымы алдағы оқуға қабылдау маусымына да айрықша дайындық жүргізді жоспарлаған екен.

    Сондай-ақ, вице-министр допингке қарсы ұлттық орталықта және спортшылардың допингке қарсы зертханасында болды. Ал допингке қарсы ұлттық орталық карантин кезінде де өз жұмысын тоқтатпаған. Олимпиадаға лицензия алып үлгерген спортшылармен ұдайы байланыста орнатып, әр спортшымен жеке онлайн кездесу өтті. Сонымен қоса министрлікке қарасты 5 ұйымға арнайы допингке қарсы шараларды күшейту маңыздылығына байланысты онлайн семинар ұйымдастырылды.

    Барлық оқу орнында карантин шаралары әлі де болса қатаң сақталуда.

    Алматыдағы спорт орындарын аралаған билік өкілдері сақтық шараларын бір сәт босаңсытпауды дұрыс деп отыр.

    Шын мәнінде елге екпіндеп кірген бұл індетке қарсы тұрып әлі де болса сақтық шараларын күшейтудің маңызы зор. Сондықтан да сақтанғанды  сақтайтынын  ұмытпағанымз абзал.

     

    Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

    АЛМАТЫ

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *