30 қазан күні Иорданияның астанасы Амман қаласында бокстан ересектер арасында кезекті XXXII Азия чемпионаты басталады. Чемпионат 13 қараша күні аяқталады. Онда ерлер 13 салмақта, әйелдер 12 салмақта сынға түседі.
Осы додаға Қазақстанның ұлттық құрама командасының сапында қатысатын боксшылардың тізімі белгілі болды.
Бұл сынға ерлер арасында Санжар Тәшкенбай (48 кг), Сәкен Бибосынов (51 кг), Сабырхан Махмұд (54 кг), Серік Теміржанов 57 (кг), Саматәлі Төлтаев 60 (кг), Санатәлі Төлтаев (63,5 кг), Дулат Бекбауов 67 (кг), Асланбек Шымбергенов 71 (кг), Нұрқанат Райыс 75 (кг), Нұрбек Оралбай 80 (кг), Сағындық Тоғанбай 86 (кг), Айбек Оралбай 92 (кг), Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) қатысады.
Әйелдер арасында Алуа Балқыбекова (48 кг), Назым Қызайбай (50 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Жайна Шекербекова (54 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Римма Волосенко (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Мәдина Нұршаева (66 кг), Дариға Шәкімова (70 кг), Валентина Хальзова (75 кг), Гүлсая Ержан (81 кг) мен 81 килодан аса салмақта Ләззат Күнгейбаева күш сынасады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА