Иордания астанасы Амман қаласында бокстан XXXII Азия чемпионатын аяқталды. Қазақстан ерлер мен әйелдер құрамасының нәтижесін қоса есептегенде жалпы есепте бірінші-орын алды.
Қоржынымызда 6 алтын, 7 күміс пен 8 қола жүлде. Екінші – Өзбекстан (6 алтын, 3 күміс, 4 қола), үшінші – Үндістан (4 алтын, 2 күміс, 5 қола).
Бәсекені соңғы күні ерлер 13 салмақта биылғы үздіктерді анықтады. Қазақстан құрамасы сапындағы Санжар Ташкенбай (48 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Айбек Оралбай (-92 кг) чемпион атанса, Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (54 кг), Серік Теміржанов (57 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Нұрқанат Райыс (75 кг), Қамшыбек Қоңқабаев (+92кг) финалда қарсыласынан ұтылып, күміс жүлдегер атанды. Ал Саматәлі Төлтаев (60 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Сағындық Тоғамбай (86 кг) қола медаль алды. Барлығы 12 жүлде (3 алтын, 6 күміс, 3 қола).
Ерлер арасындағы жалпы есепте 5 алтын, 2 күміс, 3 қоламен Өзбекстан құрамасы 1-орын алса, Қазақстан екінші орынға ие болды. Үздік үштікті жарыс қожайыны Иордания (2 алтын, 2 күміс, 1 қола) түйіндеді.
Одан кейінгі орындар:
4) Таиланд – 2 алтын
5) Филиппин – 1 алтын
6) Үндістан мен Моңғолия – 1 күміс, 4 қола
8) Жапония – 1 күміс, 1 қола
9) Қырғызстан – 4 қола
10) Иран мен Тәжікстан – 2 қоладан
12) Пәкістан пен Тайвань – 1 қола
Ал әйелдер арасындағы бәсекеде Алуа Балқыбекова (48 кг), Жайна Шекербекова (54 кг) мен Карина Ибрагимова (57 кг) топ жарса, Гүлсая Ержан (81 кг) күміс медаль иегері атанды. Сондай-ақ Назым Қызайбай (50 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Мадина Нұршеева (66 кг), Дариға Шәкімова (70 кг), Ләззат Күнгейбаева (+81кг) өз салмағында қола жүлдеге ие болды.
Әйелдер арасында Үндістан (4 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль) көш бастаса, екінші орын Қазақстанның (3 алтын, 1 күміс, 5 қола) жүлде еншісінде қалды. Одан кейін Жапония (1 алтын, 3 күміс), Оңтүстік Корея (1 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль), Өзбекстан (1 алтын, 1 күміс, 1 қола), Тайвань (1 алтын, 3 қола жүлде), Вьетнам (1 алтын, 1 қола медаль) жайғасқан.
31 қазанда басталған сары құрлық додасында ерлер 13, әйелдер 12 салмақта сынға түсті. Чемпионатты Азия бокс конфедерациясы (ASBC) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ережелерін негізге ала отырып, ұйымдастырды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
ФОТО: Аян ТӨЛЕГЕН
АММАН