Теннистен төреші Юлия Игнатченко халықаралық теннис қауымдастығының шешімімен «Күміс белгі» (Silver Badge) атағын алды.
Мұндай құрметке еліміздің төрешілері алғаш рет ие болып отыр. «Күміс белгі» атағы кәсіби қызметін лайықты атқарып келе жатқан төрешіге беріледі. Бұл атақты алу үшін төрешіге кем дегенде 60 халықаралық турнирге қазылық етіп, «Алтын белгісі» бар төрешілер мен супервайзерлердің тиісті бағасын алу керек. Содан кейін ITF, ATP, WTA пен Grand Slam секілді халықаралық ұйымдар жиналыстарында «Күміс белгі» атағын кімге беру керектігін шешеді.
«Күміс белгі» атағын алған төреші «Үлкен дулыға» сериясының кез келген турнирінде, сондай-ақ ITF, ATP, WTA ұйымдарының аясында өтетін жарыстарға қазылық ете алады. Олардың финалына да төрелік етеді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА