Атырау қаласында дзюдодан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты басталды. Алғашқы күні ерлер 60 кг, 66 кг, әйелдер 48 кг, 52 келі салмақтағы мықтыларды анықтады.
Бұл салмақтағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
60 кг:
- Қанат Сейілхан (Атырау облысы)
- Мерей Марханбетов (Маңғыстау облысы)
- Ержан Еренғайыпов (Астана қаласы)
- Бауыржан Жауынтаев (Қызылорда облысы)
66 кг:
- Есет Қуанов (Ақтөбе облысы)
- Сұңғат Жұбатхан (Маңғыстау облысы)
- Айболат Ыстыбай (Атырау облысы)
- Ермек Амангелді (Атырау облысы)
48 кг:
- Ғалия Тыныбаева (Алматы қаласы)
- Сара Құлым (Түркістан облысы)
- Ирина Дубовская (Жетісу облысы)
- Айкүнім Түйтекова (Алматы облысы)
52 кг:
- Әйгерім Әбілқадірова (Астана қаласы)
- Толғанай Әбеуова (Ақмола облысы)
- Гүлдана Әлмұханбетова (Маңғыстау облысы)
- Құндыз Жылқыбай (Қызылорда облысы)
Қазақстан чемпионаты 18 қарашада аяқталады. Бәсекені мына жерден тікелей эфирде көре аласыздар. Жалпы Атырау татамиінде Астана, Алматы және Шымкент қаласы мен еліміздің 17 облысынан келген 500-ге жуық дзюдошы күресіп жатыр.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА