Дүниежүзілік бокс ұйымы орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен мексикалық экс-чемпион Хайме Мунгия арасындағы жекпе-жекті бекітті.
Бұл шешімді WBO президенті Франциско Валкарсель қазанның соңында айтқан еді. Ал Жәнібек Әлімханұлы 13 қарашада ұлыбританиялық Дензель Бентлиге қарсы жекпе-жек өткізді. Мунгия бір аптадан кейін аргентиналық боксшы Гонсало Корияны нокаутқа жіберді.
WBO чемпионат комитеті жекпе-жек туралы тараптарға Хайме Мунгия мен Жәнібек Әлімханұлы арасындағы келіссөзді бастауға рұқсат беретінін хабарлаймыз. Тараптарға келісімге келу үшін 15 күн беріледі, – делінген ұйым боксшылардың өкілдеріне жіберген хатында.
13 қарашада Лас-Вегаста қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен ұлыбританиялық Дензел Бентли арасында WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткен еді. Жекпе-жек 12 раундқа есептеліп, оның қорытындысы бойынша төрешілер Жәнібек Әлімханұлын жеңімпаз деп таныды.
Еркеғали БЕЙСЕНОВ,
АСТАНА