АҚШ-та боксшы Айдос Ербосынұлы ауруханадан шықты. Ол соңғы жекпе-жегінде нокаутқа түсіп, ауыр жарақат алып, комаға түскен еді.
Instagram-да Айдос Ербосынұлының видеоүндеуі жарияланды.
Маған жанкүйер болған жандардың бәріне Алла разы болсын! Аман-саумыз, ауруханадан емделіп шықтық. Айналысып жүрген кәсібіміз – бокс . Ол нағыз ерлердің спорты болғандықтан, мұндай жағдайлар болып тұрады. Біз ғана емес, әйгілі Пакьяолардың өзі ауруханаға талай рет түсіп, рингке мықты болып оралған. Біз де, Иншалла, мықты болып ораламыз. Алла бұйырса, әлі талай жеңістерге жетеміз, чемпиондық белдікті алып келеміз, — деді ол.
6 қараша күні АҚШ-та Айдос Ербосынұлы мен кубалық Давид Моррельдің WBA тұжырымы бойынша супер орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жегі болып, отандасымыз нокаутпен жеңілген еді. Кездесуден кейін боксшымыз шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген болатын.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
Интересная информация. Это, наверное, самый простой в получении займа сайт кредиты на банковскую карту за 15 минут из тех которыми приходилось пользоваться.
Спасибо большое за предоставленную информацию. Рекомендую эту организацию срочные онлайн займы кому срочно надо деньги, реально кредитуют без лишних вопросов.