• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ақтөбеде теннисшілер абсолютті жеңімпаз атанды

    Ақтөбе қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында бесінші санаттағы ITF Juniors жарысында Виталий Зацепин мен Ділназ Машабаева абсолютті чемпион атанды.

    Қарағанды теннис мектебінің түлегі Зацепин жекелей сында финалда ресейлік Дмитрий Бурцевті 6:2, 6:1 есебімен ойсырата ұтты.

    Жұптық сында Виталий алматылық Кирилл Колгановпен бірге соңғы бәсекеде елордалықтар Давид Джавадов — Илья Ведмедьті 6:2, 6:2 есебімен ұтты.

    Бұл — Зацепиннің ITF Juniors турнирлеріндегі 10-ыншы титулы (үшеуі жекелей, жетеуі жұптық сында). К. Колганов жұптық сында екінші рет чемпион атанды.

    Қыздар арасында Машабаева шешуші кездесуде ресейлік Дарья Кузнецовадан 6:4, 6:4 есебімен айласын асырды.

    Алматы теннис мектебінің түлегі жұптық сында тартысты өткен финалда командалас әріптесі Сати Әубәкіровамен бірге ресейлік Ксения Еременко — қазақстандық Әсем Шойбекті ұтты. Есеп  – 6:1, 6:7, 12:10.

    Бұл – Ділназдың осындай додалардағы төртінші титулы (үшеуі жұптық, біреуі жекелей сында) болса, Сатидің тырнақалды табысы.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *