Жапонияның астанасы Токио қаласында дзюдодан Grand Slam турнирі аяқталды. Жылдың қорытынды додасында Қазақстан құрамасы бір медальді жеңіп алды.
100 келіден жоғары салмақта белдескен Ғалымжан Қырықбай жарыс барысында барлығы төрт кездесу өткізіп, үшеуін жеңіспен аяқтады.
Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, ерлер арасында аса ауыр салмақтағы Ғалымжан Қырықбай қола медаль үшін жекпе-жекте чех Лукас Крпалекты ұтты..
Іріктеу сында америкалық Кристиан Коновалды жеңгенімен, кейін жапон Кокоро Кагюрадан ұтылып қалды.
Жарыс қожайыны финалға шыққандықтан Ғалымжан жұбаныш белдесуіне қатысуға мүмкіндік алды. Онда моңғолиялық Цеценсенгель Одхууды ұтты.
Сондай-ақ 100 келіге дейінгі салмақтағы Нұрлыхан Шархан да қола медаль үшін күрескен.
Алайда қазақ дзюдошысы жұбаныш кездесуінде германиялық Джордж Удсилауриді ұтқанымен, жүлде жолында жарыс қожайыны Котаро Уеокаға жол берді.
Осылайша 100 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан Шархан Нұрлыхан жарысты бесінші орынмен аяқтады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА