Австралия чемпионатының «Мельбурн Сити» мен «Мельбурн Виктория» арасындағы сегізінші тур матчы жанкүйерлердің тәртіпсіздігінен тоқтатылды.
Ойынның 22-минутында «Мельбурн Сити» 1:0 есебімен ұтып жатқан болатын. Осы кезде жанкүйерлер алаңға шығып кетіп, алаң қожайындарының қақпашысы Том Гловердің бетінен ұнтақ тола шелекпен ұрған. Осыдан кейін төреші матчты тоқтатып, командаларды алаңнан алып шығып кетті.
Видеодан байқағанымыздай, жанкүйерлерді Гловердің алаңға түскен файерді кейін лақтырғаны ашуландырған болуы керек.
Нұрдәулет КЕНЖЕБАЙ,
АСТАНА