• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    180 миллион еуро. Әлемдегі ең қымбат футболшылар белгілі болды

    Германияның Transfermarkt неміс порталы әлемдегі ең қымбат футболшылар мен олардың командаларын анықтады.

    Әлемдегі ең қымбат қақпашы Тибо Куртуа Мадридтің «Реал» клубында ойнайды. Оның ақысы 60 миллион еуроға бағаланған. «РБ Лейпциг» командасының қорғаушысы Йошко Гвардиол (75 миллион еуро), «Манчестер Сити» жасағының қорғаушысы Рубен Диаш (75 миллион еуро) және «Бавария» клубының қорғаушысы Маттейс де Лигт (70 миллион еуро) те жоғары жалақы алатындар қатарында.

    Жартылай қорғаушылар да аз таппайды. «Боруссия» командасының ойыншысы Джуд Беллинг (110 миллион еуро), «Барселонаның» өкілі Педри (100 миллион еуро), «Реалдың» жартылай қорғаушысы Винисиус Жуниор (120 миллион еуро), «Манчестер Ситидің» ойыншысы Фил Фоден (110 миллион еуро) және «Арсеналдың» өкілі Букайо Сака (100 миллион еуро) табады.

    Ал шабуылшылар қатарында «ПСЖ» клубынның шабуылшысы Килиан Мбаппе (180 миллион еуро) мен «Манчестер ситидің» ойыншысы Эрлинг Холанд (170 миллион еуро) көш бастап тұр.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *