Бірінші жартылай орта салмақтағы боксшы Батыр Жүкембаев (20-1, 16 КО) өз дивизионындағы боксшылармен жұдырықтасуға дайын екенін айтты.
Кеттік! Бірінші жартылай ортада кез келген боксшымен қолғап түйістіруге дайынмын! (140 фунт), — деп жазды Батыр Twitter-дегі парақшасында.
Ол Боксшы Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) Алматыдағы бокс кешінің басты айқастарының бірінде жеңіске жеткен болатын.
Оның қарсыласы «Tiger» лақап атымен танымал оңтүстікафрикалық Ксолани Мкотели (19-7, 12 KO) болды. Он раундқа есептелген айқас алтыншы раундта техникалық нокаутпен аяқталды. Ал оған дейін қазақ боксшысы қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді.
Осылайша, Жүкембаев карьерасында 20 рет жеңіске жетіп отыр. Оның 16-сы – нокаут. Жалпы, Батыр рингке былтыр желтоқсанда шыққан болатын. Ол кезде мексикалық Хуан Хосе Мартинес Альваресті 69-секундта нокаутқа түсірген еді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА