• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Әлемдегі ең қымбат футболшылардың рейтингі жарияланды

    Халықаралық спортты зерттеу орталығы (CIES) трансфер құны қымбат футболшылардың рейтингін жасады.

    CIES рейтингі бойынша бірінші орынды «Боруссия Дортмунд» клубы және Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем иеленді. Оның трансферлік құны 208,2 млн еуроға бағаланған.

    Екінші орында «Манчестер Сити» клубы мен Англия құрамасының шабуылшысы Фил Фоден (200,5 млн еуро), үздік үштікті «ПСЖ» клубы мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе (190,7 млн еуро) қорытындылаған.

    CIES рейтингі бойынша ТОП-10 ойыншы:

    1. Джуд Беллингем («Боруссия Дортмунд») — 208,2 млн еуро;

    2. Фил Фоден («Манчестер Сити») – 200,5 млн еуро;

    3. Килиан Мбаппе («Пари Сен-Жермен») — 90,7 млн еуро;

    4. Винисиус Джуниор («Реал» Мадрид ) – 190,5 млн еуро;

    5. Эрлинг Холланд («Манчестер Сити») — 174,9 млн еуро;

    6. Педри («Барселона») — 170,2 млн еуро;

    7. Гави («Барселона») – 147,6 млн еуро;

    8. Жамал Мусиала («Бавария») — 145,1 млн еуро;

    9. Йошко Гвардиол («Лейпциг») — 125,8 млн еуро;

    10. Федерико Вальверде («Реал» Мадрид) — 123,5 млн еуро.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *