Шымкент қаласында жаңа стадион және арнайы қонақ үйі бар әмбебап спорт кешені салынады.
Жаңа спорт кешеннің жұмыстары 2020 жылы басталған. Оның құрылысы осы жылдың соңына дейін аяқталады делініп отыр. Жобаның жалпы құны — 4 миллиардқа жуық теңге.
Спорт кешенінде әкімшілік-шаруашылық корпусы, жекелей және командалық спорт түрлеріне арналған арнайы залдар, қонақүй және 1500 адамға арналған шағын алаң болады. Соның ішінде стадион 33 000 жанкүйерге арналып салынады. Ол FIFA және UEFA талаптарына сай болады. Сондай-ақ 1000 көлікке арналған тұрақ орны да қарастырылған.
Жаңа кешенде жергілікті «Ордабасы» клубының бірінші және жастары құрамындағы футболшылары жаттығып, ойындарын өткізеді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА