Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасында кезекті рет жеңіліп қалды. Бұл жолы «Барыс» өз айдынында Минск қаласының «Динамо» клубынан 2:5 есебімен ұтылып, плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен толығымен айырылды.
Сөйтіп, «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының Шығыс конференциясында плей-оффтан үмітін үзген алғашқы команда атанды. Команда 64 ойында 59 ұпай жинап, конференцияда ең соңғы орында қалды.
Астананың клубы ҚХЛ-дағы кезекті матчты 18 ақпан күні «Куньлунь Ред Стар» командамен болады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА