• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Шавкат Рахмонов америкалық файтермен жекпе-жекке шығады

    5 наурыз күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында UFC 285 турнирі болады. Онда UFC жекпе-жегінде жартылай орта салмақта күш сынасатын файтер Шавкат Рахмонов турнирдің негізгі кардында америкалық Джефф Нилмен жекпе-жекке шығады.

    Кеше қарсыластар жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихатын өткізіп, бірінші рет бетпе-бет жолықты.

    Қазір Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде 9-орында тұр. Ол — мінсіз рекорд иегері. Яғни, Шавкат 16 рет жеңіске жетіп, бірде бір рет жеңілмеген. Оған қоса барлық жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған.

    Джефф Нилге келер болсақ, ол қарсыластарын 15 рет жеңіп,  4 рет жеңілген. Ол дивизион рангы кестесінде 7-орынды алып отыр.

    Осы күні кардта тағы бірнеше атақты спортшы күш сынасады. Шавкат Рахмоновтың айтуынша, бұл жекпе-жекте ол жеңеді. Қазақ спортшысы бір адамға ғана шамасы келмейтінін айтты. Ол UFC ұйымының ауыр салмақтағы бұрынғы чемпионы Фрэнсис Нганнуге шамам келмейді деп ашық мойындады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *