• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Атақты футболшы Жюст Фонтен қайтыс болды

    1 наурызда атақты француз футболшысы Жюст Фонтен 89 жасында қайтыс болды.

    Франция құрамасының аты аңызға айналған шабуылшысы 1958 жылы өткен әлем чемпионатында 13 гол соғып, әлемдік рекорд жасады. Осы кезге дейін бірде-бір адам әлемдік додада ең көп гол соғу бойынша Фонтеннің рекордын жаңартқан жоқ.

    Жюст Фонтен 1933 жылы 18 тамызда Мароккода туған. Футболдағы карьерасын Марокконың «Касабланка» клубында бастаған. Одан кейін «Ницца», «Реймс», «Пари Сен-Жермен», «Тулуза» клубтарда өнер көрсетті.

    Ол Франция чемпионатында 200 ойын өткізіп, 165 гол соққан. Жюст Фонтен 1956, 1958, 1960, 1962 жылдары Франция чемпионы атанды.

    Жюст Фонтен 1953 жылы 17 желтоқсанда Люксембургке қарсы ойында алғаш рет Франция құрама командасының жейдесін киіп шықты.  Осы матчта ол хет-трик жасады. Ал матч 8:0 есебімен аяқталды.

    Ол 1958 жылы Швецияда өткен әлем чемпионатында 13 гол соғып, әлемдік рекорд жасады. Сол мундиальда Франция қола жүлдегер атанды. Жалпы, Фонтен ұлттық құрама сапында 21 кездесу өткізіп, 30 гол соққан.

    Футболшы карьерасын аяқтағаннан кейін ол «ПСЖ» мен «Тулуза» клубтарында және Франция мен Марокко құрамаларының жаттықтырушысы болды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *