• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Жеңіс» дзюдо клубы Құрлықтық лигаға қатысады

    Дзюдодан Олимпиялық ойындардың екі дүркін жүлдегері, әлем чемпионы Елдос Сметов Қарағандыда спорттың осы түрінен құрылған «Жеңіс» клубының капитаны болды. Нақтырақ айтсақ, капитаны болып таңдалды.

    Ол енді 8 сәуірде дзюдодан Мәскеуде басталатын құрлықтық лигаға команданы бастап барады.Қарағанды командасының құрамына Елдос Сметовтен бөлек, Жансай Смағұлов, Ислам Бозбаев секілді әлемдік ареналарда ел намысын қорғаған балуандар бар.

    Олардан басқа «Жеңіс» клубының құрамына  Ғұмар Қырғызбаев, Айболат Ыстыбай, Нұрзат Салымбаев, Артем Штурбабин, Асқар Нарқұлов, Бақытжан Әбдурахманов, Мәди Амангелді, Руслан Мұсаев, Бекәділ Шәймерденов, Айбол Нысанәлі, Ерсұлтан Мұзаппаров, Ерлан Шеров, Ерасыл Қажыбай, Санжар Жабборов пен Темур Рахымов кіріп отыр.

    Құрлықтық лига командалық белдесу ретінде өткізіледі. Биылғы маусымда 7 мемлекеттің 20 командасы күш сынасып көреді. Олардың арасында Ресей, Үндістан, Тәжікстан, Сербия, Беларусь, Иран мен Қазақстан бар.

    Лиганың жеребе қорытындысы бойынша «Жеңіс» клубы А тобына түсті. Қарағанды командасына «Самбо 70» (Мәскеу), «Стайки» (Беларусь), «Жемчужина» (Краснодар), «Ходжи Шариф» (Тәжікстан) клубтары қарсылас болады. Ережеге сәйкес, командалар келесі раундқа шығу үшін топта кемі үшінші орын алу керек. Әр команда өз тобында төрт кездесу өткізеді. Жобаның финалы 8 шілдеге жоспарланған. Ал жобаның жалпы жүлде қоры – 100 мың доллар.

    Қарағанды клубы белгілі меценат Алмаз Алсеновтың бастамасымен құрылған.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *