• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ресей мен Беларуське жарыстарға қатысуға рұқсат берілді

    Халықаралық семсерлесу федерациясы (FIE) Ресей мен Беларусь азаматтарына жарыстарға қатысуға рұқсат берді.

    Inside the Games порталының хабарлауынша, мұндай шешім 10 наурызда өткен кезектен тыс отырыста қабылданған.

    Қаулы 2023 жылдың сәуір айының екінші жартысында күшіне енеді. Атап айтқанда, шілде айында Италияның Милан қаласында өтетін әлем чемпионатына ресейлік және белорус спортшылары қатыса алады. 2024 жылғы Олимпиялық ойындардың іріктеу ойындары да осында өтеді.

    FIE ресейліктер мен белорустарға жарыстарға қатысуға рұқсат берген екінші ұйым болды. Бұған дейін Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) да осындай шешім қабылдаған болатын.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *