Қызылордада тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының ерлер арасында командалық чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап. Жарысқа Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан спортшылар қатысуда. Олардың ішінде 5 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 13 спорт шебері, 26 спорт шеберіне үміткер спортшылар шеберлік байқасуда. Ел чемпионаты айналым жүйесі бойынша өтуде. Жарыстың алғашқы ойындарында Павлодар, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарының тоғызқұмалақшылары сәтті өнер көрсетуде. 23 сәуірде чемпионаттың жеңімпаз-жүлдегер командалары анықталады.