Сауд Арабиясының «Әл-Хилал» клубы Аргентина ұлттық құрамасы мен «Пари Сен-Жермен» командасының шабуылшысы Лионель Мессиге жылына 400 млн еуро жалақы ұсынды.
Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо Twitter-де хабарлады.
Месси ұсынысқа әлі жауап берген жоқ. БАҚ-тардың хабарлауынша, ол әлі де Еуропада ойнағысы келеді. Оған қоса, аргентиналық шабуылшы «ПСЖ-мен» келісімшартын ұзартуға да келіспей отыр. Кейбір дерекке қарағанда, Месси «Барселонаға» ауысуы мүмкін.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА