Өзбекстанның Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтетін әлем чемпионатына бойкот жариялаған елдердің тізімі тағы бір мемлекетпен көбейді.
Қазір тізімде 12 ел бар. Бұған дейін әлем чемпионатына АҚШ, Польша, Швейцария, Нидерланд, Ирландия, Чехия, Швеция, Канада, Украина, Германия мен Норвегия қатысудан бас тартса, енді олардың қатарына Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия корольдігі қосылды. Ұлыбританияның бокс федерациясы Нью-Делиде бокстан әйелдер арасында өткен әлем чемпионатына да қатысудан бас тартқан болатын.
Бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты Ташкентте 1-14 мамыр аралығында өтеді. Оған Қазақстан құрамасы қатысады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА