Моңғолияның астанасы — Ұланбатыр қаласында бокстан жастар арасындағы ел чемпионатында 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Зейнеп Әзімбайқызы бас жүлдені жеңіп алды. Ол қыздар арасында өткен жекпе-жектерде қарсыластарын қиналмай ұтып, осымен екінші рет ел чемпионы атанды.
Бұған дейін Зейнеп Әзімбайқызы 2022 жылы ересектер және жастар арасында ел чемпионы атанған еді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА