Боксшы Ангелина Лукас Түркияның астанасы — Ыстамбұлда өткен титулдық жекпе-жекте мексикалық Ана Аррасоланы жеңді.
Бұл жеңіл салмақтағы WBC International титулына арналған жекпе-жек болды.
10 раундтың соңында сәттілік Ангелина Лукас жағында болды. Оған төрешілердің шешімімен жеңіс бұйырды.
Боксшының бұл жеңісі — кәсіпқой рингтегі төртінші жеңісі.
Ангелина Лукас бір жарым жылдан бері кәсіпқой бокста өнер көрсетіп жүр. Ол осы WBC International титулды жекпе-жекке дейін UBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуіне ие болған еді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
View this post on Instagram
View this post on Instagram
View this post on Instagram
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары