Бокстан Олимпиада және әлем чемпионы Баходир Жалолов Токио қаласында өткен Олимпиялық ойындардағы ең мықты соққысының видеосын көрсетті.
Баходир Жалолов Олимпиадада 92 келі салмақта алтын иеленген болатын. Одан кейін ол биылғы әлем чемпионатында құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Бұл менің мансабымдағы ең үздік сәт, — деді ол Instagram-да.
Өзбек боксшысы – Олимпиада, екі дүркін әлем чемпионы. 2015 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2017, 2019, 2021 жылдары үш дүркін Азия чемпионы атанған. Өзбекстанның халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2019 жылы «Узбекистон ифтихори», 2021 жылы «Фидокорона хизматлари учун» орденінің иегері.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
View this post on Instagram