• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Месси мансабындағы ең жылдам голды салды (видео)

    Қытайдың Бейжің қаласында Аргентина құрамасы мен Австралия командасы жолдастық кездесу өткізді.

    Осы матчта аргентиналық шабуылшы Лионель Месси кездесудің 1 минут 19 секундында голдың авторы атанды. Осылайша, ол мансабындағы ең жылдам голды салды. Бұл гол шабуылшының ұлттық құраманың сапындағы 103-голы болды.

    Матч басталысымен Месси айып алаңының жанында пас алып, бір қорғаушыны алдап, қақпаны дәл көздеді. Ал ойынның өзі 2:0 есебімен аяқталды. Аргентина құрамасында екінші допты 68-минутта Песселья соқты.

    Енді Аргентина 19 маусымда Индонезиямен жолдастық кездесу өткізеді.

    Бұған дейін Месси ең жылдам голын (2 минут 7 секунд) 2018 жылы Чемпиондар лигасында «Челсиге» қарсы ойында салған болатын.

    Енді Месси матчтың  бірінші минутында гол салса, 90 минуттың бәрінде доп соққан ойыншы атанады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *