• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Жамбы ату» федерациясы ресми түрде халықаралық альянс мүшесі атанды

    Елімізде ат үстінде садақ ату спорты ресми түрдегі даму жолын 2014 жылы бастады. Ал, бүгінде жамбы атудан жасөспірімдер, жастар, ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты тұрақты түрде өтіп тұрады, деп хабарлады halyq-uni.kz.

    Жуырда ҚР «Жамбы ату» федерациясының президенті Еркебұлан Ильясов аталған спорт түрін халықаралық деңгейде дамыту мақсатында 2023-2027 жылдарға арналған даму бағдарламасын қабылдады.

    Осы даму бағдарламасы аясында Венгрия елінде өтіп жатқан Әлем кубогында халықаралық келісімдер жасалды.

    Әлем кубогына барған Халықаралық ат үстінде садақ ату альянсы (штаб-пәтері Францияда орналасқан) президенті Алан Ле Галмен екі жақты ынтымақтастыққа қол қойылды.

    Сондай-ақ, ат үстінде садақ атудан Венгрия академиясының президенті Кристофер Неметимен де екі жақты ынтымақтастыққа қол қойылды.

    Аталған меморандумдар аясында еліміздегі жамбы ату спорты жаңа қарқынмен дамымақ. Себебі, ынтымақтастықта халықаралық негіздегі әдістемелік тәжірибе алмасулар, семинарлар мен спорттық жаттығулар өткізу, осы спорт түріндегі жаңа технологиялар мен өзгерістерді екі жақты оңтайландыру мәселелері қамтылған.

    Халықаралық деңгейдегі келісімдер нәтижесінде елімізде ат үстінде садақ ату академиясы ашылып, садақ, жебе жасау өндірісі іске қосылатын болады.

    Айта кетейік, республикалық «Жамбы ату» федерациясы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Ал, Қауымдастықтың президенті болып өткен жылдың қыркүйек айынан бастап белгілі кәсіпкер және меценат, Altyn Qyran Foundation қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов сайланған болатын.

     

    ФОТО: Ұлттық спорт қауымдастығы

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *