• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қытайда 2025 жылғы Қысқы Азия ойындары өтеді

    Таиландтың Бангкок қаласында өткен Азия Олимпиадалық кеңесінің Бас ассамблеясында құрлықта өтетін бірқатар ірі жарыстар туралы шешім қабылданды.

    Атап айтқанда, биылғы жылдың қарашасында Таиландтың Бангкок пен Чонбури қалаларында өтетін жабық ғимараттағы және жекпе-жек өнері бойынша VI Азия ойындары 2024 жылдың ақпан-наурыз айларына шегерілді.

    Қытайдың Харбин қаласы 2025 жылы өтетін IX Қысқы Азия ойындарын өткізетін болып шешілді.

    2029 жылғы Қысқы Азия ойындарын Сауд Арабиясының Трожена қаласы қабылдайды. Бұл қала қазір қайта салынуда.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *