• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Еркін күрес: Қазақстан балуандары рейтингтік жарыста үш жүлде иеленді

    Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан биылғы соңғы төртінші рейтингтік турнирінің алғашқы күні еркін күрес балуандары боз кілемге шықты. Жарыстың алғашқы күні Қазақстан балуандары 3 медаль иеленді.

    74 кг салмақта күрескен Нұрқожа Қайпанов финалға жетіп сүрінді. Финалда ол алаң иесі Мурад Курамагомедовқа есе жіберіп, күміс медаль алды.

    92 кг салмақтағы Ризабек Айтмұқан қола медаль иеленді. Ризабек қола медаль үшін белдесуде Иран балуанынан басым түсті.

    97 кг салмақта Әлішер Ерғали де қола жүлдеге ие болды. Ол үшінші орын үшін белдесуде Германия өкілін балуанын жеңді. Бұл салмақта өнер көрсеткен Бекзат Үркімбай жарысты бесінші орынмен аяқтады.

     

    Аспандияр ЕСЕНЖОЛОВ,

    ФОТО: Күрес түрлері федерациясы

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *