• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    УЕФА-ның үш лигасының жеребесі тартылды

    Швейцарияның Ньон қаласында Еуропа футбол қаыумдастықтарының одағының (UEFA)  үш лигасының үшінші електік сатысындағы матчтарының жеребесі тартылды.

    Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде ойнап жатқан «Астана» клубы «Динамо» (Загреб) клубынан өтетін болса, онда үшіншісінде АЕК (Афина, Грекия) командасымен кездеседі. Бірінші ойын — түзде, екінші матч — өз алаңында (8/9 және 15/16 тамыз күндері) болады. Ал «Динамо» (Загреб) мен «Астана» клубтарының ойыны Астана уақытымен 25-нен 26 шілдеге қараған түні сағат 00.00-де басталады.

    Ал егер «Астана» Чемпиондар лигасыныңекінші іріктеу кезеңінде Загребтің «Динамо» клубынанжеңіліп қалса, онда Еуропа лигасында ойнайды. Егер «Астана» Еуропа лигасында ойнайтын болса, онда «Лудогорец» (Болгария) және «Олимпия» (Словения) жұбында ұтылып қалған командамен кезедседі.  Бірінші ойын 10 тамызда сырт алаңда болады. Екінші ойын 17 тамызда «Астана Арена» стадионында өтеді.

    Конференция лигасына келсек, бұл лиганың екінші електік сатысында бақ сынайтын үш клубымыз келесі кезеңге өтсе, онда төмендегі жұптардың жеңіске жеткендерімен кездеседі. Бұл матчтар  10 және 17 тамыз күндері болады.

    «Базель»/«Тобыл» — «Дерри Сити» (Ирландия)/КуПС (Финляндия);

    ЦСКА (София, Болгария)/«Сепси» (Румыния) — «Ақтөбе»/«Торпедо» (Грузия) ;

    «Ордабасы»/«Легия» (Польша) — «Аустрия» (Австрия)/«Борац» (Босния және Герцеговина).

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *