• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Мбаппе 700 млн еуро жалақыдан бас тартты

    Франция ұлттық құрамасының шабуылшы Килиан Мбаппе Сауд Арабиясының «Әл-Хилал» футбол клубының менеджерлерімен келіссөзден бас тартты. Саудиялық клуб ПСЖ шабуылшысы үшін 300 млн еуро ұсынып, маусымына 700 млн еуро жалақы беруге уәде берген еді.

    Сауд Арабиясы командасының өкілдері Парижге Килиан Мбаппемен келісімшартты талқылау үшін арнайы барғанда  ПСЖ мен «Әл-Хилал» өкілдерінің келіссөздері нәтиже бермеді. Килиан Мбаппе Сауд Арабиясының ең атақты клубтарының біріне ауысқысы келмеді.

    Футбол мамандарының болжауынша, Килиан Мбаппенің басты және түпкі мақсаты – «Реал Мадрид» клубында болу. Ал ол клуб соңғы уақытта мұндай трансферге онша қызығушылық танытпайды.

    Еуропадағы ең титулды клуб келесі маусымның соңын күтіп отыр. Сол сәтте Мбаппе оларға тегін трансфермен қосыла алады.

    Бұған дейін «Әл-Хилал» америкалық «Интер Майамиге» ауысуды таңдаған Лионель Мессиге де 1,2 млрд еуроның келісімшартын ұсынған болатын.

     

    Еркеғали БЕЙСЕНОВ,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *