• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    «Пари Сен-Жермен» клубы Мессиге ескерту жасады

    Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Лионель Месси «Пари Сен-Жермен» клубының басшылығын ескертпей, өз еркімен Сауд Арабясына барғаны үшін екі аптаға ойындардан шеттетілді. Сонымен бірге Месси жаттығулардан шеттетіліп, екі жұмаға төленетін айлығынан айырылды. Енді аргентиналық футболист Франция чемпионатындағы «Труа» (7 мамыр) мен «Аяччо» (13 мамыр) командаларына қарсы ойынға қатыспайды. Қазір Месси 35 жаста. Ол  « ПСЖ» клубына келгелі бері 37 матч өткізіп, 20 гол салып, ...

    Read More »

    Ұлттар лигасының топтық кезеңінің жеребесі тартылды

    Әйелдер құрамалары арасындағы 2023/24 жылғы УЕФА Ұлттар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды. Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы «С» лигасының 4-тобына түсті. Онда Қазақстан командасы Израиль, Эстония және Армения құрамаларымен кездеседі. УЕФА Ұлттар лигасының матчтары 20 қыркүйекте басталып, 5 желтоқсанға дейін жалғасады.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Қазақ-өзбек жекпе-жегі: Сағындық Тоғамбай Шохжахон Абдуллаев қолғап түйістіреді

    Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан мен Өзбекстан боксшыларының алғашқы жекпе-жегі болады. Кеше қарсыласын нокаутпен жеңген 86 келі салмақта Сағындық Тоғамбай 1/8 финалда шаршы алаңның иесі, Өзбекстанның чемпионы Шохжахон Абдуллаевпен жұдырықтасады. Өзбекстанның өкілі кәсіпқойда өнер көрестеді. Ол — жастар арасындағы Азия чемпионы. Абдуллаев әлем чемпионатының бірінші кездесуінде қырғызстандық Еркин Адылбековтен басым түсті.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Катар шейхі «Манчестер юнайтед» клубын сатып алу үшін рекордтық ақша ұсынды

    Катардағы ең ірі банктердің бірі – Qatar Islamic Bank (QIB) президенті шейх Жасим бен Хамад әл Тани «Манчестер Юнайтед» клубының 100 пайыз акциясын сатып алуға ресми өтініш берді. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Катар шейхі клуб үшін 5 миллиард фунт стерлинг (6,3 миллиард доллар) ұсынуға дайын. QIB президенті «Манчестер юнайтед» клубына барлық жағдай жасауға дайын. Футбол клубын сатып алуға тағы бір үміткер ...

    Read More »

    Бүгін тағы екі боксшымыз жеңіске жетті (ВИДЕО)

    Бүгін Өзбекстанның Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы екі былғары қолғап шеберіміз шаршы алаңға шығып, жеңіске жетті. Әуелі 1/16 финалындың жекпе-жегінде рингке 86 кг салмақтағы Сағындық Тоғамбай көтерілді. Ол Конго өкілі  Натан Нланду Мбелиді екі рет нокдаунға жіберіп, одан соң нокаутқа түсірді. Бұл кездесуде төрешісі Африка өкілінің екі рет нокдаунға түсуіне байланысты үш рет есеп ашты. ...

    Read More »

    Маңғыстау облысында дзюдодан турнир басталды

    Бүгін Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылында дзюдодан 2012-2013 жылы туғандар балалар арасында BASQUDYQ-JUDO OPEN CUP І Республикалық турнир басталды. Сайыстың алғашқы күнінде 21, 24, 27 және 30 кг салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Олар мыналар: 21 кг: Махсетбай Б. (Маңғыстау обл. Мұнайлы); Нұрпейіс Н. (Атырау обл. Мақат); Амандық А. (Атырау обл. Жылыой); Үсенбай Д. (Маңғыстау обл. Бейнеу). ...

    Read More »

    Қазақ боксын өзгерте аламын – Асылбек Қилымов (ВИДЕО)

    Кеше Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында бокстан ересектер арасындағы әлем чемпионатының жалауы желбіреді.  Қазір Ташкенттің төрінде өзге елдермен бірге Қазақстанның ұлттық құрама командасы да шаршы алаңға шығып, қолғап түйістіріп жатыр. Кешеден бері ұлттық құраманың төрт боксшысы рингке көтерілді. Бүгін біз қазақтың әйгілі боксшысы, КСРО-ның халықаралық деңгейдегі спорт шебері, КСРО-ның спорт шебері, Қазақ КСР-не еңбегі сіңген жаттықтырушы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген ...

    Read More »

    Теннистен Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты іріктеу турнирінің ширек финалына шықты

    Теннистен Қазақстанның қыздар құрамасы Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша өтіп жатқан әлем чемпионаты іріктеу турнирінің ширек финалына шықты. Бүгін қыздар құрамасы Иран командасымен кездесті. Күннің желді болғанына қарамастан, теннисшілеріміз қолайсыз ауа райына тез бейімделгенін көрсетіп, қарсыластарын ұтты.. Әуелі Анастасия Крымкова бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған кездесуде Атфи Нитиді 6:3, 6:3 есебімен жеңді. ...

    Read More »

    Бокстан әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасына өзгеріс енгізілді

    1 мамырда Өзбекстан Республикасының астанасы -Ташкент қаласында бокстан әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Оның ашылу рәсімі «Хумо Арена» спорт кешенінде болып, оған осы елдің премьер-министрі Абдулла Арипов, Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті Умар Кремлев, Өзбекстанның Жастар саясаты және спорт министрі Адхам Икромов пен басқа да чемпионатқа жауапты адамдар қатысты. Осы күні жарысқа әлемнің 140 елінен келген былғары қолғап шеберлері жеребе ...

    Read More »

    Футболдан әйелдер арасында Ұлттар лигасы өтеді

    Бүгін әйелдер құрамалары арасындағы Ұлттар лигасының жеребе тарту рәсімі өтеді. УЕФА Атқарушы комитеті былтыр күзде әйелдер арасында УЕФА Ұлттар лигасын өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл жарыс Олимпиялық ойындар мен Еуропа және әлем чемпионатының іріктеу турнирі болып саналады. Қазақстан футбол федерациясының хабарлауынша, Ұлттар лигасы алғаш рет 2025 жылы әйелдер арасында өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі болып өткізіледі. Биылғы жылдың күзінен бастап ...

    Read More »