• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Instagram.com/boxingkazakhstan/

    Олимпиада-2024: бокстан лицензиялық турнирге кімдер барады?

    4-12 наурыз аралығында Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында Францияның Париж қаласында жалауы көтерілетін жазғы Олимпиялық ойындарға лицензия беретін халықаралық турнир болады. Оған 114 елден 668 спортшы қатысады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

    Жақында Олимпиада жолдамасына таласатын боксшылардың есімдері белгілі болды. Қазақстанның ерлер құрамасы бес салмақта қолғап түйістіреді. Олар — Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг, ) Айбек Оралбай (92 кг).

    Ерлерде 28 жолдама үлестіріледі.

    Әйелдер құрамында шаршы алаңға 50 келі салмақта Алуа Балқыбекова шығады. Сонымен бірге 54 келіде Жайна Шекербекова, Римма Волосенко (60 кг), Наталья Богданова (66 кг), Валентина Хальзова (75 кг).

    Әйелдерде 21 жолдама сарапқа салынады.

    Бокстан Қазақстан құрамасының қоржынында әзірше екі жолдама бар. Оны 2023 жылғы жазғы Азия ойындарында аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев пен әйелдерден 57 келі салмақта Карина Ибрагимова жеңіп алды.

    Бусто-Арсицио қаласында барлығы 49 Олимпиада жолдамасы үлестіріледі.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *