• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Сали Сабиров

    Әділ Ғалиахметов – шорт-тректен Әлем кубогының қола жүлдегері!

    Германияның Дрезден қаласында өтіп жатқан шорт-тректен Әлем кубогының бесінші кезеңінде Әділ Ғалиахметов 1000 метрге жарыстың финалында бақ сынап, мәреге үшінші болып келді.

    Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, одан басқа тағы бір отандасымыз Денис Никиша жарыста 500 метр қашықтыққа жүгіруден мәреге бірінші болып келгенімен, жүлдесіз қалды. Ол қолымен қарсыласына кедергі келтіргені үшін жазаланып, алтын медальден айрылды.

    Алтын мен күміс медаль Оңтүстік Корея спортшыларына берілді. Алтын жүлдені мәреге екінші болып келген Пак Дживон алды. Ал финишке үшінші болып жеткен Чан Сунву екінші орынға лайық деп танылды.

    Денис Никиша жарысты бесінші орынмен аяқтады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *