Футболдан Африка ұлттары кубогының иегері анықталды. Биылғы кубокты Кот-д’Ивуар құрамасы иеленді. Бұл елдің командасы финалда Нигерия құрамасымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Кот-д’Ивуар рет Африка ұлттары кубогының иегері атанды.
Финалда Кот-д’Ивуардың құрамында Франка Кессье мен Себастьена Алле гол салса, Нигерияның Уильям Троост-Эконг жалғыз өзі қақпаны дәл көздеді.
Бұған дейін ивуарлықтар 1992 және 2015 жылдары кубоктың иегері болған еді.
Биылғы Африка ұлттары кубогы 13 қаңтар мен 11 ақпан аралығында Кот-д’Ивуар елінің Абиджан, Буаке, Корого, Сан-Педро, Ямусукро қалаларында жалауын көтерді. Оған 24 құрама қатысты. Турнирдің плей-офф кезеңіне 16 команда жолдама алды. Кейін ширек финалда ойнайтын жұптар анықталып, жартылай финалда Нигерия мен ОАР, Кот-д’Ивуар мен Конго ДР құрамалары кездесті. ½ финалда Нигерия мен Кот-д’Ивуар командалары қарсыластарын жеңіп, финалға шықты.
Африка ұлттары кубогы 1957 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Бұл турнирде Египет құрамасы 7 рет кубокты жеңіп алған.
Сондай-ақ, Камерун — 5, Гана — 4, Нигерия — 3, Кот-д’Ивуар, Алжир, Конго Демокртаиялық Республикасы екі рет жүлденің иегері атанса, Замбия, Судан, Тунис, Сенегал, Эфиопия, Оңтүстік Африка, Марокко, Конго елдерінің футболшылары бір-бірлен кубокты басынан асырып көрген.
Жақында Катар елінде де Азия кубогы үшін жарыс болып, онда алаң иелері жеңімпаз атанды. Финалда Катар Иорданияны 3:1 есебімен жеңді. Бұл ойында Катардың ойыншылары үш рет пенальтиден гол салды. Оның алдында ¼ финалда алаң иелері Өзбекстан құрамасын да матчтан кейін берілген пенальти сериясында жеңген болатын.
Биыл Еуропа чемпионаты (14 маусым-14 шілде) мен Америка кубогы (20 маусым-14 шілде) жолындағы турнир де жалауын көтереді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА