• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Виталий Щиголев Әлем кубогында қола медаль алды

    Канаданың Калгари қаласында конькимен жүгіруден Әлем кубогының үшінші кезеңі аяқталды. Соңғы жарыс күні Қазақстан құрамасы осы кезеңде екі жүлдеге ие болды. Ерлер арасындағы масс-стартта Виталий Щиголев мәре сызығын үшінші болып қиды. Қазақстандық спортшының нәтижесі — 7:55.850 секунд. Бұл жарыста итальян Андреа Джованнини жеңіске жетті. Бұл — оның 2019 жылдан бергі Әлем кубогы кезеңіндегі жеңісі. Жаңа зеландиялық Питер Майкл күміс жүлдегер ...

    Read More »

    Азамат Дәулетбеков Әлем кубогының қола жүлдегері атанды

    АҚШ-тың Айова штатындағы Коралвилл қаласында еркін күрестен өткен Әлем кубогында ұлттық құрама команданың көшбасшысы Азамат Дәулетбеков Әлем құрамасы сапында қола медаль жеңіп алды. Азамат бұл бәсекеде 86 кг дейінгі салмақта күресті. Оның құрамасы жарысты екінші айналымнан бастады. Онда Дәулетбеков жапон Тацуия Шираиды 9:1 есебімен ұтты. Әлем құрамасы мен Жапония арасындағы белдесуде алғашқысы басым түсті.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Қазақстан ватерполшылары — Азия чемпионатының қола жүлдегері!

    Таиландтың Бангкок қаласында су добынан өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрама командасы үшінші орын алды. Осы чемпионатқа Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандырылған мектеп-интернат-колледждің 10 «В» сынып оқушысы Егор Белоусов та қатысып, Қазақстан құрама командасына қола жүлдені сыйға тартты. Спорт ордасының баспасөз қызметінің жетекшісі Ардақ Тоғымовтың айтуынша, осы ерен еңбегі үшін Егор Белоусовқа халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы берілді. «Бүгінде ...

    Read More »

    Парабиатлон: Александр Герлиц қола жүлдегер атанды

    Әлем кубогының бірінші кезеңінде Александр Герлиц парабиатлоннан 12,5 шақырым қашықтықты 43 минут 59 секундта жүріп, қола жүлдеге ие болды. Жарыста канадалық спортшы Арендз Марк осы қашықтықты 39 минут 20 секундта жүріп өтіп, мәреге бірінші болып келді. Ал екінші орынға 41.22 нәтижесімен украиналық спортшы Грегорий Вовчунский жайғасты. Парашаңғы мен парабиатлоннан Әлем кубогы үш кезеңде өтеді. Алғашқы кезең Финляндияның Вуокатти қаласында 7 ...

    Read More »

    Қазақ күресі: Қазақстан тағы бес алтын жүлде алды

    Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен әлем чемпионатының екінші күні ұлттық құраманың балуандары бес алтын және бір күміс медаль жеңіп алды. «Qazaq kuresi» қауымдастығының хабарлауынша, чемпиондар алты салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Олардың арасында жеңіс тұғырынан көрінгендердің төртеуі – ерлер болса, екі медальді қоржынға әйелдер құрамасының өкілдері салды. Чемпионаттың екінші күні Бекхан Төлепов (55 кг), Нұр Аманшұқыров (66 кг), Жұмажан Қожамбеков (74 кг), ...

    Read More »

    Қазақстан клубы алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алды

    Бүгін Түркияныӊ Анталия қаласында клубтық командалар арасындағы әлем чемпионаты басталады. Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша бұл додада Халықаралық волейбол федерациясы (FIVB)  биылғы маусымды қорытындылайды. Бұл чемпионатта еліміздің намысын Петропавлдың «Қуаныш» клубы қорғайды. Ол дүрмекті додада алғаш рет клубтық Азия-2022 чемпионы ретінде бақ сынайды. Бұған дейін әлем чемпионатына Өскеменніӊ «Алтай» командасы екі рет қатысқан болатын. 2018 жылы «Алтай» командасына әлемніӊ еӊ үздік ...

    Read More »

    Жәнібек Әлімханұлы төртінші рет әке атанды

    Орта салмақтағы кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы қуанышты жаңалық айтты. Ол төртінші рет әке атанды. Бұл туралы боксшының өзі әлеуметтік желіде жазды. Төртінші. Әлхамдулиллах! Бұл өмірге қош келдің, ұлым! Есімін Хан қойдым! Хан Жәнібек!, — деді Жәнібек Әлімханұлы Twitter желісінде. Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста орта салмақта (72,574 кг) өнер көрсетеді. Ол кәсіпқой бокста әлі бірде-бір рет жеңіліп көрмеген. Қазақстанның еңбек сіңірген ...

    Read More »

    Месси тағы бір рекордты жаңартты

    Аргентина ұлттық құрама командасының шабуылшысы әрі капитаны Лионель Месси футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы бір рекордты жаңартты. Ол Аргентина мен Хорватия командаларының матчында 11 метрлік айып добын соғып, екінші таймда командаласы Хулиан Альвареске нәтижелі пас беріп, әлем чемпионаттарындағы голдарының санын 11-ге, пастарының санын 9-ға жеткізді. Осылайша, «Алтын доптың» 7 дүркін иегері Месси Мирослав Клозеден (16 гол + 3 ...

    Read More »

    Аргентина финалға шықты

    Футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Аргентина құрамасы жартылай финалда Хорватия командасын 3:0 есебімен ұтып, финалға шықты. Бұл кездесуде аргентиналықтар сапында бірінші голды Лионель Месси салды. Ол 11 метрлік айып добын соғып, қақпаны дәл көздеді. Араға бес минут салып Месси хорваттардың бірнеше футболшысын алдап, командаласы Хулиан Альварестің есепті еселеуіне мүмкіндік жасап берді. Үзілістен кейін Хорватия сапында бірден үш ойыншы тыңнан ...

    Read More »

    Қазақстан әлем чемпионатында жеңіске жетті

    Хоккейден Норвегияның Аскер қаласында өтіп жатқан І дивизионның А тобындағы әлем чемпионатының (U-20) екінші ойынында Қазақстан жастар құрамасы Венгрия командасымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Кездесуде Қазақстан құрамасының сапында шайбаны Дінмұхамед Сапарбек, Даниил Цыбин мен Дінмұхамед Қайыржан салды. Соңғысы матчтың аяқталуына 10 минут қалғанда қақпаны дәл көздеді. Шабуылшы матчтың үздік ойыншысы атанды. Келесі матчты Александр Истоминнің шәкірттері желтоқсанның 14-нен-15-не  қараған түні Дания командасына ...

    Read More »