• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Күрестен ӘЧ: Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды

    Түркияның Ыстанбұл күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатының (U17) үшінші күні грек-рим күресінің балуандары арасындағы бәсеке аяқталып, Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды.

    Үш балуанымыз жұбаныш белдесулерін өткізіп, үшеуі де жеңіске жеткен еді.

    Алайда 60 келідегі Ердәулет Ләсім, Диас Сейітқалиев (71 кг) мен Максим Украинцев (92 кг) қола жүлде үшін болған таласта қарсыластарына есе жіберіп, әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады.

    Сондай-ақ кеше әйелдер күресінен 43, 49, 57, 65 және 73 келіде алдын-ала белдесулер өтіп, ұлттық құрама сапынан жалғыз ғана Арина Абдуллина (49 кг) бүгінгі жұбаныш белдесуіне жолдама алды.

    Бүгін әйелдер күресінен 43, 49, 57, 65 және 73 келіде жеңімпаздар мен жүлдегерлер есімдері белгілі болады. 40, 46, 53, 61 және 69 кг салмақ дәрежесінде алдын-ала белдесулер өтеді.

     

    Аспандияр ЕСЕНЖОЛОВ

    ФОТО: Күрес түрлері федерациясы

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *