• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Универсиада: Қазақстан құрамасының қоржыны тағы екі жүлдемен толықты

    Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы Дүниежүзілік ойындарда Қазақстан құрамасының қоржынына тағы екі жүлдемен толықты.

    Бүгін ерлер арасында ушудан өткен жарыстың жартылай финалында Бексұлтан Қоскенов (60 кг) Ма Йигуден 0:2 есебімен ұтылып, қола жүлдені иеленді.

    Әйелдер арасында Айгерім Төреханова (60 кг) жартылай финалда түркиялық Берне Туттан жеңіліп қалды.

    Қазір Қазақстан спортшылары 13 медаль алып отыр. Оның ішінде 1 алтын, 5 күміс, 7 қола жүлде бар.

    Жазғы Универсиада 28 шілдеде басталған. Ол 8 тамызға дейін болады. Жарыста 90 отандасымыз спорттың 10 спорт түрінен  сынға түсіп жатыр.

    Қазақстан құрамасы медальдар кестенде оныншы орында тұр. Көшті Қытай құрамасы бастап келеді. Олар 50 (30-10-10) медаль иеленді. Одан кейінгі орындарға 39 (15-12-12) жүлдемен Оңтүстік Корея мен  Жапония спортшылары жайғасты. Күншығыс елінде 32 (14-8-10) медаль бар.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *