• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Аян Жолдас Еуропа кубогында қола жүлде алды

    Фристайл-акробатика бойынша Қазақстан командасының өкілі Аяна Жолдас Финляндияның Рука елдімекенінде өтіп жатқан Еуропа кубогы кезеңінде қола жүлдені жеңіп алды. Оның өнерін судьялар 78.12 ұпаймен бағалады. Бірінші орынды Флави Умонд (Канада) иеленді. Ол 86.62 ұпай алды. Екінші орында Эмма Вайсс (Германия) қалды. Германияның өкіліне 81.49 ұпай берілді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Қазақ күресінен үш балуан әлем чемпионы атанды

    Астанада қазақ күресінен өтіп жатқан әлем чемпионатының бірінші жарыс күнінде үшш отандасымыз алтын жүлдені жеңіп алды. Бұл туралы Қазақ күресі қауымдастығы хабарлады. Чемпионаттың бірінші күні ерлер 82, 90, 100 және +100 келі салмақта белдесті. Ал әйелдер 75 және +75 келі салмақта мықтыны анықтады. Алтын медальді  82 кг салмақта Айдын Дартаев, 100 кг салмақта Айдын Байқамыров, Нұрдәулет Жарылқапов жеңіп алды. Ал ерлер ...

    Read More »

    Пара-хоккей құрамасы әлем чемпионатында күміс жүлде алды

     Қазақстанның пара-хоккейден құрама командасы  С пулындағы әлем чемпионатында екінші орынға ие болды. Турнирге Қазақстан, Таиланд, Австрия, Ұлыбритания және Франция командалары қатысты. Бұл — отандық параспортшылар үшін халықаралық деңгейдегі алғашқы жарыс. Дебюттік турнирде спортшылар төрт матчта үш рет жеңіске жетті (7:0, 10:0 және 9:2) және турнир кестесінде екінші орынға табан тіреді. Отандамстарымыз  Ұлыбританияға (0:6) ғана есе жіберіп қойды. Паралимпиада ойындарының чемпионатын ...

    Read More »

    Лионель Месси «Алтын допқа» басты үміткер атанды

    Катарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында Аргентинаның ұлттық құрама командасының капитаны, әлемнің жеті дүркін үздік ойыншысы, «Алтын бутсы» атағының алты дүркін иегері Лионель Месси тағы да «Алтын допқа» басты үміткер атанды. Goal футбол сайтының хабарлауынша, әлем чемпионатының ширек финалынан кейін үздік ойыншы атанған Л.Месси «Алтын доп» үміткерлерінің де көшін бастады. Бұл атаққа Мессиден басқа онымен «ПСЖ» клубында (Париж) бірге ойнайтын Франция ...

    Read More »

    Роналду «Ювентустағы» қаржылық қулыққа қатысы бар деген күдікке ілікті

    Португалияның атақты футболшысы Криштиану Роналдудың басы даудан арылар емес. Әлем чемпионатының алдында «Манчестер Юнайтедтен» кеткеннен кейін оның Катарда да жолы болмады. Енді ол қаржылық айла-шарғыға қатысы бар деп айыпталып жатыр. «Спорт Экспресс» басылымының хабарлауынша, Криштиану Роналду мен «Ювентус» клубының басшылары арасындағы жасырын келісімді БАҚ өкілдері біліп қойған. Қазір туриндік команданың басына бұлт үйірілді. Клубтың президенті Андреа Аньелли мен вице-президент Павел ...

    Read More »

    Ауыр атлетика: Қазақстан екінші медалін жеңіп алды

    Колумбияның Богота қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында ерлер арасында 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жарыс өтті. Осы сында Нұрғиса Әділетұлы 383 (170+209) келіні басынан асырып, қоссайыс қорытындысы бойынша күміс жүлдеге ие болды. Әлем чемпионы атағын Бахрейн атынан шыққан колумбиялық Лесман Паредес жеңіп алды. Ол қоссайыста 397 келіні (жұлқа көтеруде – 185 кг, серпе көтеруде – 212 кг) көтеріп, ...

    Read More »

    Алексей Чуркин — әлем чемпионатының қола жүлдегері!

    Колумбияның Богота қаламсында ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатында Алексей Чуркин қола жүлдені жеңіп алды. Ол 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші болды. Қоссайыс сомасында ауыр атлет 343 (153+190) килограмм көтерді. Бірінші болып Индонезиялық Рахмат Абдулла аяқтады. Екінші орынды Ризки Джуниансьяху (Индонезия) иеленді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Әлем кубогында Қазақстан рекорды тіркелді

    Алматыда шорт-тректен Әлем кубогының үшінші кезеңі аяқталды. Соңғы жарыс күні ерлер мен әйелдер жекелей сында 500, 1500 метр мен командалық эстафетаның жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтады. Денис Никиша 500 метрге жарыста күміс медаль жеңіп алды. Бұл биылғы Әлем кубогының үш кезеңінде қазақстандық шорт-трекшілер қол жеткізген 5-медаль. Абзал Әжіғалиев 3-орын (500 м, В финалы). Санжар Жанысов өз тобында 5-орын (500 м, В ...

    Read More »

    Жас теннисшілер ITF Juniors турнирінің жеңімпазы атанды

    Астанада «Дәулет» теннис орталығында 18 жасқа дейінгілер арасында бесінші санаттағы ITF Juniors турнирі мәресіне жетті. Қыздар арасында қазақстандық Ульяна Романова жекелей сында үздік шықты. У.Романова финалда ресейлік Ксения Крупенинаны 6:3, 4:6, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Жұптық сында Әдемі Аманкелді мен Сати Әубәкірова ресейліктер Кристина Белкова – К.Крупенинадан айласын асырып, жеңімпаз атанды. Бұл кездесу 6:2, 6:3 есебімен аяқталды. Ұлдардан Ілияс Маратұлы ...

    Read More »

    Ангелина Лукас UBO чемпионы атанды

    Боксшы Ангелина Лукас Алматыда өтіп жатқан бокс кешінде кәсіпқой рингтегі үшінші айқасын өткізіп, UBO чемпионы атанды. Ол бұл титул үшін, яғни UBO тұжырымы бойынша екінші аса жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Танзания өкілі Лулу Каягемен кездесті. Кездесуде Лукастың қарсыласы екінші раундтан кейін жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осылайша, Ангелина Лукас кәсіпқой бокста үшінші рет жеңіске жетіп, UBO-ның әлем чемпионы атанды. Ал Лулу ...

    Read More »