• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бензема «Әл-Иттихад» клубында алғашқы голын салды (ВИДЕО)

    2022 жылғы «Алтын доп» сыйлығының иегері Франция құрамасының экс-шабуылшысы Карим Бензема Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» клубына келісімен алғашқы голын салды.

    Ол Араб чемпиондары клубтарының кубогы үшін жарыста Тунистің «Эсперанса» командасымен ойында 55-минутта допты торға тулатты.  Ал матчтың өзі 2:1 есебімен аяқталды. Карим Бензема бірінші голдың салынуына да көмектесті. Ол қорғаушыны алдап, командаласы Абделразак Хамдаллаға әдемі пас берді.

    Бензема бұған дейін 14 жыл мадридтік «Раелдың» сапында өнер көрсеткен.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *