• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстан ресми түрде Париж Олимпиадасына шақырту алды

    Мәдениет және спорт министрлігі елімізге ресми түрде 2024 жылғы Париж қаласында өтетін жазғы Олимпиялық ойындарға қатысуға шақырту келгенін хабарлады.

    Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Париждегі XXXIII жазғы Олимпиадаға ресми түрде шақыру алғанын хабарлайды. Ресми құжатты халықаралық Олимпиада комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне жолдады, — делінген хабарламада.

    Олимпиялық ойындар 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді.

    14 маусымда Қазақстан Париж Олимпиадасының алғашқы лицензиясын жеңіп алды.

    2021 жылы Токиода өткен Олимпиадада елімізден 97 спортшы қатысып, жарыстың 28 түрінен бақ сынады. 8 қола медаль иеленді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *