• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: сәуір 2023

    Футболдан Қазақстан құрамасы үздік атанды

    Еуропаның футбол қауымдастығы (УЕФА) Қазақстан ұлттық құрамасын Дания командасын 3:2 есебімен жеңгеннен кейін 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионаты іріктеу турнирі екінші турының үздік құрамасы деп таныды. Ал ұлттық құрама капитаны Асхат Тағыбергеннің Дания командасының қақпасына салған голын әуелі үздік гол номинациясы қатарына қосты. Одан кейін ол дауыс берудің нәтижесінде екінші турдың үздік голы деп аталды. Сонымен бірге ұлттық құрама Халықаралық ...

    Read More »

    Боксшы Саматәлі Төлтаев допинг дауына ілікті

    Бокстан Қазақстан құрама командасының мүшесі Саматәлі Төлтаев допинг дауына ілікті. Оған тыйым салынған затты пайдаланды деген айып тағылуы мүмкін. Бұл туралы bassport.kz хабарлады. Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, Саматәлі Төлтаевтың алғашқы допинг сынамасы оң нәтижеге берген. Енді екінші сынаманың қашан алынатыны белгісіз. Қазір Халықаралық допингке қарсы агенттік (WADA) осы іске қатысты тексерісті  бастады. Боксшы 60 келіде сынға түскен.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Елімізде футбол менеджменті бойынша білім беру бағдарламасы ашылды

    Алматы қаласында Қазақстан футбол федерациясы мен Almaty Management University арасындағы меморандум аясында білім беру бағдарламасын іске қосуға байланысты ресми іс-шара өтті. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады. Жобаның негізі мақсаты – футбол индустриясында менеджменттің біліктілігі мен компетенциясын арттыру. Іс-шараның ашылу салтанатында Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов, УЕФА ұлттық қауымдастықтарды стратегиялық дамыту департаментінің директоры Илья Китич және AlmaU университетінің ректоры Гүлнар ...

    Read More »

    Жыртық қолғаппен дайындалатын қазақ боксшының айқасы күтпеген нәтижемен аяқталды

    Жартылай орта салмақта өнер көрсететін боксшы Айдын Елжанов (6-1, 4 КО) кәсіпқой бокстағы сегізінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлады Vesti.kz. АҚШ-тың Лонг-Бич қаласында өткен бокс кешінде Айдын мексикалық боксшы Хуан Эрнандес Мартинеспен (2-2-1) жұдырықтасты. Жекпе-жек толық төрт раунд өтіп, оның қорытындысы бойынша төрешілер боксшыларға тең есеп жазды. Бұл Елжановтың карьерасындағы алғаш тең түсу екен. Бұған дейін қазақстандық боксшы бір жеңіліп, алты рет ...

    Read More »

    Бибісара Асаубаева Гран-приде күміс жүлде алды

    Бибісара Асаубаева Үндістанның астанасы — Делиде өтіп жатқан әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-приінің үшінші кезеңінде екінші орын алды, деп хабарлады Мәдениет және спорт минимстрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Отандасымыз шешуші 11-турда Катерина Лагномен тең түсіп, 6 ұпай жинады. Бүгін қытайлық Чжу Цзинер мен ресейлік Александра Горячкина да тең ойнап, 6 ұпай алды. Үш шахматшының еншісінде бірдей балл. Бибісара жекелеген көрсеткіш ...

    Read More »

    Рахмоновтың ізімен: тағы бір қазақ файтері UFC ұйымымен келісімшартқа отырды

    Қазақстандық жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC-мен келісімшарт жасасты.  Бұл туралы Dar Team командасының PR-менеджері Зарина Буенбаева мәлімдеді. 29 жастағы Алмабаев ММА-де 16 мәрте жеңіске жетіп, бір рет жеңілген. 2022 жылы BRAVE Combat Federation нұсқасы бойынша үздік файтер атанған. Алмабаев Шавкат Рахмоновтың командасында жұмыс істейді: ол соңғы жекпе-жекке дейін Рахмоновтың жаттығу процесіне қатысып, секунданты болды.   Нұрдәулет КЕНЖЕБАЙ, АСТАНА     ...

    Read More »

    Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев жаңа қызметке барды

    Бокстан Олимпиада чемпионы, Спорт және дене шынықтыру комитетінің экс-төрағасы Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы halyq-uni.kz хабарлады. Серік Сәпиев Қазақстан спортшылары одағы РҚБ президиумының төрағасы болды. Кәсіподақ жұмысы жаңа деңгейге көтерілуде. Сондықтан шешім қабылдау функционалдық топтың қатысуын және спорт және басқа салалардағы көптеген мамандар мен сарапшылардың тәжірибесін талап етеді. Спорт ұзақ уақыт бойы күш пен реакцияның ерекшелігі болудан қалды, ...

    Read More »

    УЕФА президенті қайта сайланды

    Португалияның Лиссабон қаласында өткен УЕФА-ның 47-конгресінде Александер Чеферин Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) президенті қызметіне қайта сайланды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының хабарлауынша, Александер Чеферин аталған одаққа тағы төрт жыл басшылық жасайды. Ол сайлау барысында жалғыз үміткер болды. Футбол маманы одаққа 2016 жылдан бері жетекшілік етіп келеді. Александер Чеферин 1967 жылы Югославияда (қазіргі Словения) туған. 2005 жылдан бері футбол ...

    Read More »

    2036 жылғы Олимпиаданы өткізуге үміткер елдер көбейіп келеді

    2036 жылғы жазғы Олимпиялық және Паралимпиялық ойындарды Ыстамбұл қаласында өткізу үшін Түркия үміткер елдер қатарына қосылды. Бұған дейін Оңтүстік Корея, Қатар, Германия, Мексика, Венгрия, Египет, Үндістан мен Индонезия үміткерлер қатарына кірген болатын. Бұл туралы Түркия президент Режеп Тайып Ердоған мен Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бахпен кездесуінде белгілі болды. Ыстамбұл бұған дейін ең кейінгі Олимпиаданы өткізу үшін де үміткер болған. ...

    Read More »

    Бокстан әлем чемпионатына 12 мемлекет бойкот жариялады

    Өзбекстанның Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтетін әлем чемпионатына бойкот жариялаған елдердің тізімі тағы бір мемлекетпен көбейді. Қазір тізімде 12 ел бар. Бұған дейін әлем чемпионатына АҚШ, Польша, Швейцария, Нидерланд, Ирландия, Чехия, Швеция, Канада, Украина, Германия мен Норвегия қатысудан бас тартса, енді олардың қатарына Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия корольдігі қосылды. Ұлыбританияның бокс федерациясы Нью-Делиде бокстан әйелдер арасында өткен әлем чемпионатына ...

    Read More »