• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жыртық қолғаппен дайындалатын қазақ боксшының айқасы күтпеген нәтижемен аяқталды

    Жартылай орта салмақта өнер көрсететін боксшы Айдын Елжанов (6-1, 4 КО) кәсіпқой бокстағы сегізінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлады Vesti.kz.

    АҚШ-тың Лонг-Бич қаласында өткен бокс кешінде Айдын мексикалық боксшы Хуан Эрнандес Мартинеспен (2-2-1) жұдырықтасты. Жекпе-жек толық төрт раунд өтіп, оның қорытындысы бойынша төрешілер боксшыларға тең есеп жазды.

    Бұл Елжановтың карьерасындағы алғаш тең түсу екен. Бұған дейін қазақстандық боксшы бір жеңіліп, алты рет жеңіске жеткен. Ал Мартинестің есебінде енді екі жеңіс, үш тең түсу мен бір жеңіліс бар.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *