Бибісара Асаубаева Үндістанның астанасы — Делиде өтіп жатқан әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-приінің үшінші кезеңінде екінші орын алды, деп хабарлады Мәдениет және спорт минимстрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Отандасымыз шешуші 11-турда Катерина Лагномен тең түсіп, 6 ұпай жинады.
Бүгін қытайлық Чжу Цзинер мен ресейлік Александра Горячкина да тең ойнап, 6 ұпай алды. Үш шахматшының еншісінде бірдей балл. Бибісара жекелеген көрсеткіш бойынша екінші орынды иелденді. Ал бұл кезеңде ресейлік гроссмейстер Александра Горячкина тай-брейк бойынша жеңіске жетті.
Бірдей ұпай жинаған 3 ойыншы 37 мың еуро сыйақы мен 400 ұпайды бірдей бөліседі.
Гран-придің шешуші төртінші кезеңі Кипрдың астанасы — Никосияда 15-28 мамыр күндері өтеді. Бибісара бұл кезеңге шақырту алған 12 шахматшының арасында бар.
Шамкен БАЙЫРБЕК,
АСТАНА