• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: сәуір 2023

    Азамат Дәулетбеков — екі дүркін Азия чемпионы!

    Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков қатарынан екінші рет Азия чемпионы атанды. Ол былтыр Моңғолияның астанасы -Улан-Батор қаласында жалауы желбіреген құрлықтың чемпионатында алғаш рет алтын жүлдені жеңіп алған болатын. Енді міне, ол 86 келіге дейінгі салмаұта тағы та топ жарды. Азамат Дәулетбеков  Иран елінің өкілі, үш дүркін Азия чемпионы Алирез Каримимачианиді жеңді. Осылайша ол ...

    Read More »

    Дархан Есенғали еркін күрестен Азия чемпионы атанды (ВИДЕО)

    Қазақстан құрама командасының сапында еркін күрестен Азия чемпионатының финалына жолдама алған төрт балуанның арасында бірінші болып бозкілемге шыққан Дархан Есенғали 74 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанды. Ол жапон балуаны Кирин Киношиттаны 7:1 есебімен жеңді. Бұған дейін Санжар Досжанов пен Болат Сақаев алтын медаль иегерлері атанған болатын. Енді кешкі сессияда тағы үш балуанымыз құрмет тұғырының ең биік сатысына шығу үшін ...

    Read More »

    Теннистен Қазақстан құрамасы Польшамен матчта алға шықты

    Астанадағы Ұлттық теннис орталығында теннистен Билли Джин Кинг кубогының (командалық әлем чемпионаты) іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Польша арасындағы матч болды. Кортқа алғашқы болып Қазақстаннан әлемнің 45-ракеткасы Юлия Путинцева мен Польша құрамасынан дүниежүзілік рейтингте 19-орында тұрған Магда Линетт шықты. Осыған дейін қарсыластар өзара жеті рет кездесіп, соның бесеуінде Магда Линетт жеңіске жеткен еді. Бірінші партияда поляк спортшысы 4:0 есебімен алға ...

    Read More »

    Азия чемпионатының соңғы күні 4 қазақ балуаны финалға шықты

    Бүгін Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрестен ұлттық құраманың төрт балуаны финалға шықты. Атап айтқанда, Дархан Есенғали (74 кг), Азамат Дәулетбеков (86 кг), Ризабек Айтмұхан (92 кг) мен Жүсіп Батырмұрзаев (125 кг) қарсыластарын жеңіп, финалға жолдама алды. Ал Нұрболат Әбдуалиев (61 кг) жұбаныш белдесуіне қатысады. Ол жеңіп жатқан жағдайда қола жүлде үшін күреседі. Кеше еркін күрестен ұлттық ...

    Read More »

    Еркін күрес балуандары Азия чемпионатын 2 алтын, 1 қола медальмен бастады (ВИДЕО)

    Астана қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрес балуандары 2 алтын, 1 қола медаль жеңіп алды. Бүгін бес салмақтың екеуінде Мадияр Құрамысовтың шәкірттері қарсылас шақ келтірмей, жанкүйерлерді қуантты. Күндізгі сессия қорытындысы бойынша барлық салмақтағы ұлттық құраманың балуандары кешкі сессияда жүлдеге таласуға мүмкіндік алды. Оның ішінде финалға екі спортшы шықты. Санжар Досжанов 1/8 финалда кореялық Сук Хон Паркты таза ...

    Read More »

    Головкин 27-орында: Әлемдегі үздік боксшылардың рейтингі жарияланды

    World Boxing News басылымы 2023 жылдың сәуір айындағы салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) әлемнің ең үздік 50 боксшысының рейтингін жариялады, деп хабарлады Sports.kz. Тізімді WBA, WBO және IBF тұжырымдары бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы, украиналық Александр Усик бастап тұр. Рейтингке орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBO белбеуінің иегері Жәнібек Әлімханұлы да енді. Үздік елуліктің арасында Головкин 27-ші, Әлімханұлы 48-сатыда ...

    Read More »

    Елдің намысын қолдан бермейміз – Рыбакина

    Астанада теннистен Билли Джин Кинг Кубогы (Billie Jean King Cup) үшін іріктеу кезеңіне қатысатын Қазақстан мен Польша командаларының матчы алдында жеребе тартылып, одан кейін қос ел құрамаларының қатысуымен брифинг өтті. Оған Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов пен екі елдің теннисшілері қатысты. Жеребе тарту рәсімінде белгілі болғандай, ертең болатын жекелей кездесуде Юлия Путинцева Магда Линеттемен, Елена Рыбакина Вероника Фальковскамен күш ...

    Read More »

    Спортшылар мен жаттықтырушыларға берілетін төлем мөлшері белгіленді

    Мәдениет және спорт министрлігі «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын бекіту, олардың мөлшерін белгілеу туралы» бұйрығының жобасын әзірледі. Құжат «Ашық» НҚА порталында жарияланды. Бұйрық-жобасында жазылғандай, өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыру дене шынықтыру және спорт саласында кемінде 20 жыл еңбек өтілі бар мына спортшылар мен жаттықтырушыларға тағайындалады: — Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері немесе спорттың ...

    Read More »

    Президент Рыбакинаға бағалы сыйлық берді

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинамен кездесті. Президент Australian Open, Индиан-Уэллс және Майами турнирлерінде керемет өнер көрсеткен Елена Рыбакинаны құттықтап, шеберлігі мен жеңіске деген ерік-жігері үшін ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы Қазақстан теннисшілерінің жетістігі өскелең ұрпақ арасында осы спорт түрінің танымалдылығын арттыруға септігін тигізетінін атап өтті. Елена Рыбакина жеңіс тұғырынан көрінген сәттерінде қолдау білдіргені және жүрекжарды құттықтауларын жолдағаны үшін президентке ...

    Read More »

    Канехама РИО: «Жапонияда үш жүз мың қыз күреспен айналысады»

    Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан қАзия чемпионатына  Жапонияның әйелдер құрамасын бастап келген бас жаттықтырушы Канехама Рио бізге шағын сұхбат берді. — Жапонияның күрес федерация басшылары алдағы уақытта Қазақстан әйелдер құрамасы спортшыларымен бірге оқу-жаттығу жиынын өткізуге рұқсат бере ме? — Мархабат! Жапонияда 17-22 қазан күндері оқу-жаттығу жиынын өткіземіз. Сол кезде келіңіздер. Бірақ кемінде он адам келуі керек. — Қазіргі кезде Жапонияда ...

    Read More »