Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан қАзия чемпионатына Жапонияның әйелдер құрамасын бастап келген бас жаттықтырушы Канехама Рио бізге шағын сұхбат берді.
— Жапонияның күрес федерация басшылары алдағы уақытта Қазақстан әйелдер құрамасы спортшыларымен бірге оқу-жаттығу жиынын өткізуге рұқсат бере ме?
— Мархабат! Жапонияда 17-22 қазан күндері оқу-жаттығу жиынын өткіземіз. Сол кезде келіңіздер. Бірақ кемінде он адам келуі керек.
— Қазіргі кезде Жапонияда әйелдер күресімен айналысатындар саны қанша?
— 300 мың қыз күреспен айналысады.
— Дүние жүзі бойынша әйелдер күресінен жапондар бірінші орында емес пе? Неге күреспен айналысатындар аз?
— Өйткені, бізде әйелдер күресіне қызығушылық аз. Көбісі таеквондо, баскетбол мен басқа да спорт түрлеріне қызығады.
— Астана қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңіске жеткен қыздарыңыз әлем чемпионаты мен жазғы Азия ойындарына бара ма?
— Биыл 15-18 маусым күндері әйелдер күресінен Жапония чемпионаты өтеді. Жалпы чемпионатта жапон спортшыларын таңдау қиын. Бәсеке күшті. Сол жарыста жеңіске жеткен балуандар әлем чемпионатына барады.
Сұхбаттасқан Айбек МҰХАНОВ,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.