• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: мамыр 2024

    WTA 1000 турнирі: Рыбакина Путинцеваны жеңіп, алғаш рет жартылай финалға шықты (ВИДЕО)

    Қазақстанның бірінші ракеткасы  Елена Рыбакина алғаш рет Испанияның Мадрид қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты. Рыбакина ширек финалда отандасы, әлемнің 50-ракеткасы Юлия Путинцевамен ойнады. Осыған дейін өзара екі кездесуде Путинцева Рыбакинаны екі рет жеңген еді. Бұл жолы бірінші партияда Юлия Путинцева қарсыласын 6:4 есебімен жеңгенімен, екінші және үшінші партияда Рыбакина отандасымызды 7:6 (7:4), 7:5 есебімен басым түсті. ...

    Read More »

    Ұлттық құраманың ұзақ үзіліс жасағанына өкінемін – Магомед Адиев

    Астанада Қазақстан футбол федерациясы президенті Әділет Барменқұлов пен футболдан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиевтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Федерация басшысы отандастарымыздың футболға деген қызығушылығының артып келе жатқанан айтты. Әділет Барменқұловтың айтуынша, қазір елімізде футболмен 1 250 000 бала шұғылданады. Ал оларды жаттықтыру үшін 2 400 жаттықтырушы дайындық курсынан өтті. Бұған қоса, 55 Еуропа елі үміткер болған УЕФA-ның бұқаралық футбол бойынша ...

    Read More »

    ҚФФ УЕФА-ның футболға баулу жобасында үздік деп танылды

    УЕФА-ның Швейцарияның Ньон қаласындағы штаб-пәтерінде 2023/2024 жылғы UEFA Grassroots Awards бұқаралық футбол бойынша марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Рәсімде былтыр Қазақстан футбол федерациясының өткізген «Балалар үйі тәрбиеленушілері арасындағы футбол фестивалі» УЕФА-ның 2023/2024 жылғы маусымының қорытындысы бойынша футболға баулу жобасында үздік деп танылды. ҚФФ ұйымдастырған «Балалар үйі тәрбиеленушілері арасындағы футбол фестивалі» 2023 жылы бірнеше айға созылған болатын. Жоба ...

    Read More »

    Астанада неміс қызы балаларға асық үйретеді

    Қазақтың ұлттық ойыны Асық ату мен бес асықпен айналысып, жүлдегерлер қатарынан табылып жүрген өзге ұлт өкілдері арамызда көптеп саналады.Әсіресе, Асық ату спортымен шұғылданатын өзге ұлт өкілдері Қостанай облысында өте көп. Олардың арасында Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін күміс жүлдегерлері Милана Ярмоленко, Екатерина Тесленко, Анастасия Трофимова сияқты орыс қыздарын, Виолетта Мельниченко, Варвара Чумак, Василиса Лихопий сияқты украин қыздарын, Райхан Мустафина деген башқұрт ...

    Read More »