• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: мамыр 2024

    «Елорда кубогы»: Қазақстан құрамасы турнирді жеңіспен бастады

    Астанада бокстан ересектер арасында өтіп жатқан «Елорда кубогы» халықаралық турнирдің алғашқы күні шаршы алаңға шыққан Қазақстан боксшыларының бәрі жеңіске жетті. Олардың арасында бірінші, екінші және үшінші нөмірлі болып өзара қолғап түйістірген отандастарымыз да болды. Ерлер арасында Кәрім Серкебаев, Махмұд Сабырхан, Серік Теміржанов, Нұрқанат Райыс, Армат Арманұлы, Аман Қонысбеков, Асланбек Шымбергенов, Дархан Дүйсебай, Нұрбек Мұрсал, Қамшыбек Қоңқабаев қарсыластарын жеңсе, әйелдер арасында ...

    Read More »

    Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

    19-24 мамыр аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты жалау көтереді. Бұл жарысқа Қазақстан командасы толық құрамда қатысады, деп хабарлады Қазақстан дзюдо федерациясы. Олимпиада жылы болғандықтан олимпиялық рейтінгтік турнирлер арасы өте жақын болып жатыр. Спортшыларымыз мамыр айында үш маңызды жарысқа қатар дайындалды. Оның алдында Азия чемпионаты мен Grand Slam жарысынан кейін әлем чемпионатына қатысатын ...

    Read More »

    Астаналық оқушы шахматтан әлем чемпионы атанды

    Классикалық шахматтан Перудің астанасы – Лима қаласында өткен әлем чемпионатында Астана қаласының тұрғыны Айару Алтынбек 13 жасқа дейінгі оқушылар арасында алтын медальді жеңіп алды. Қала әкімдігінің хабаралуынша, №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінің оқушысы жарыстың аяқталуына бір тур қалғанда, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Ең жоғары рейтингтік ұпайы (1868) бар шахматшы соңғы турды сәтті аяқтап, 9 партиядан 8,5 ұпай жинады. Сөйтіп, күміс жүлдегерден ...

    Read More »

    Көшпенділер ойындарына шетелдік еріктілерден де өтініш түсіп жатыр

    Астанада 8-14 қыркүйек аралығында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына осы жарысты ұйымдастыру дирекциясы еріктілерді іріктеп жатыр, деп хабарлады қала әкімдігі. Осы жылдың қаңтарында волонтерлік өтінімдерді қабылдау басталды. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының ақпараты бойынша, бұл жұмыспен Астананың 13 жоғары оқу орны қамтылған. Оның ішінде Turan-Astana университеті, Maqsut Narikbayev University, «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ, дене шынықтыру ...

    Read More »

    Жолдама ала алмаған балуандарға айтарға сөзім жоқ — Мадияр Құрамысов

    Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Мадияр Құрамысов Түркияның Ыстанбұл қаласыда өткен соңғы іріктеу турнирін қорытындылады, деп хабарлады Olympic.kz Бұл турнирде еркін күрестің балуандары үш салмақта (57, 65, 74 келі) сынға түсіп, үшеуінде де жолдама ала алмаған еді. Бас жаттықтырушының айтуынша, негізі, жігіттер жақсы күресті. Бірақ шешуші сәтте шеберлік жетпей қалды. Құрамға келер болсақ, жігіттердің бәрін әділетті түрде ...

    Read More »

    Жаңыл Балтабаева пара каноэден Паралимпиадаға жолдама алды

    Пара каноэдан Мажарстанның Сегед қаласында өткен лицензиялық әлем чемпионатында Жаңыл Балтабаева Паралимпиада ойындарына жолдаманы жеңіп алды. Чемпионаттың В финалында (VL3 классы) өнер көрсеткен спортшы 200 метр қашықтықты 1:05.83 секундта жүріп өтіп, мәреге екінші болып жетті. Осы бәсекеде мәреге польшалық Моника Кукла 1:05.45 секунд нәтижесімен бірінші, ал франциялық Елеа Чарвет 1:07.33 нәтижесімен үшінші болып келді. Әлем чемпионатында Паралимпиадаға төрт жолдама ойнатылды. Чемпионаттың ...

    Read More »

    Қазақстан гимнасшылары Challenger Cup турнирінің күміс жүлдесін алды

    Көркем гимнастикадан Португалияның Портиман қаласында өткен Challenger Cup турнирінде Эрика Жайлауова мен Милана Парфилова күміс жүлдені жеңіп алды. Эрика Жайлауова доппен өнер көрсетудің финалында 32.400 балл алса, Милана Панфилова шығыршық жаттығуында 33.800 баллға ие болды. Одан кейін ол лентамен бақ сынап, қола (30.750 ұпай) медаль иегері атанды. Көпсайыс қорытындысында Парфилова 5, Жайлауова 7-орынды қанағат тұтты. Ал жекелеген жаттығулар бойынша өткен ...

    Read More »

    «Әйелдер күресінен ұлттық құрама Олимпиададан тыс қалды»: Федерацияға қояр сұрақ көп, жауап жоқ

    Биыл әйелдер күресінен ұлттық құрама команда Олимпиялық ойындардан тас қалды. Енді құрама команданы жаттықтыратын Қайрат Сағадиевтің шәкірттері Париж Олимпиадасына бармайды. Осыған байланысты қазір Грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресінен федерация Сағадиевті отставкаға жібере ме деген сауал туындап отыр. 2015 жылы Гөзал Манюрова әйелдер күресінен Қазақстан командасының бас жаттықтырушы қызметінен кетіп, оның орнына жастар құрамасының тәлімгері Қайрат Сағадиев келді. Бір жылдан ...

    Read More »

    Еркін күрес балуандары Олимпиадаға жолдама ала алмады

    Еркін күрестен Қазақстан құрама командасы Түркияның Ыстанбұлда өткен әлемдік іріктеу турнирінде Олимпиадаға жолдама ала алмады, деп хабарлады Оlympic.kz Ұлттық құраманың балуандары үш салмақта Олимпиадаға лицензия алған жоқ.  Бұған дейін 86, 97 және 125 келідегі балуандар іріктеуден өткен болатын. Ыстанбұлда өткен соңғы іріктеу турнирінде балуандар 57, 65, 74 келіде жолдамаға таласты. Бірақ ешкім межелі орыннан көріне алмады. Рахат Қалжан (57 кг) ...

    Read More »

    Бүгін бокстан «Елорда кубогы» ІІІ халықаралық турнирі басталады

    Бүгін Астанада Туризм және спорт министрлігі, қалалық спорт басқармасы мен Қазақстан бокс федерациясының ұйымдастыруымен бокстан ересектер арасында «Елорда кубогы» ІІІ халықаралық турнирі басталады, деп хабарлады Бокс фежерациясы. Турнир 18 мамырға дейін болады. Оған Өзбекстан, Моңғолия, Иран, Үндістан, Жапония, Марокко, Әзербайжан, Тәжікстан, Корея, Қырғызстан, Қытай мен Қазақстанның бірінші, екінші және үшінші нөмірлі командалары қатысып, күш сынасады. Бүгінгі күні Астанада оқу-жаттығу жиынын ...

    Read More »