• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: мамыр 2024

    12 жасөспірім теннисші әлемдегі ТОП-100 қатарына кірді

    Еліміздің 12 жас теннисшісі ITF (Халықаралық теннис федерациясы), TE (Еуропа теннисі) мен  ATF (Азия теннис федерациясы) жасөспірімдер тізімінд үздік 100 спортшының қатарына қосылды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Әмір Омарханов 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Juniors рейтингінде бұрынғыша 14-орында тұр. Даниал Рахматуллаев — 73, қыздар арасында Соня Жиенбаева — 29, Асылжан Арыстанбекова 40-сатыда. Tennis Europe рейтингінде 14 жасқа дейінгілер арасында ...

    Read More »

    Қазақстан Олимпиаданың Азияда қалған жалғыз жолдамасына таласады

    16-27 мамыр аралығында Өзбекстаның астанасы — Ташкентте спорттық гимнастикадан Азия чемпионатының жалауы көтеріледі, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Оған Қазақстан атынан Нариман Курбанов, Милад Карими, Дмитрий Патанин, Ілияс Азизов, Диас Тойшыбек пен Фарух Набиев қатысады. Қазір Қазақстан құрамасы сапынан Нариман Курбанов пен Милад Карими Париж Олимпиадасының жолдамасын алып отыр. Ал қалған гимнасшыларымыз құрлыққа берілген жалғыз лицензияға ...

    Read More »

    Майк Тайсон блогермен бокстасады (ВИДЕО)

    20 шілдеде АҚШ-тың Арлингтон қаласындағы 105 мың адамға арналған «Эй-ти-энд-ти Стэдиум» стадионында әлемнің аса ауыр салмақтағы экс-чемпионы Майк Тайсон мен белгілі блогер-боксшы Джейк Пол қолғап түйістіреді. Кеше боксшылар осы жекпе-жекке арнап, баспасөз мәслихатын өткізіп, салмақ өлшеу рәсімін жасады. Қазір Майк Тайсон 57 жаста. 30 маусымда ол 58-ге келеді. Ал Джейк Полдың жасы 27-де. Дәл қазір екеуі жекпе-жекке дайындалып жатыр. Майк ...

    Read More »

    Әлемге әйгілі жапон дзюдошысы неге Ақтауға келмеді?

    Жақында Астана мен Қарағандыға әлемге әйгілі жапон дзюдошысы Шохей Ононың келіп, шеберлік сабағын өткізген болатын. Бұл туралы SportPress.kz ақпараттық-сараптамалық спорт сайты да жазып, оқырманды құлағдар етті. Осы ретте ойға келетін бірн нәрсе, атақты Күншығыс елінің спортшысы неге Ақтауға келмеді? Неге оны Маңғыстау облысына өңірдің Дзюдо федерациясының басшысы шақырмады деген сауал туындайды. Дзюдодан Олимпиаданың екі мәрте, әлемнің жеті дүркін чемпионы, даңқты ...

    Read More »

    «Елорда кубогы»: Алмат Әбдуәли Үндістанның атақты боксшысын жеңді

    Астанада бокстан ересектер арасында басталған «Елорда кубогы» халықаралық турнирінің екінші күні шаршы Қазақстан боксшыларының басым бөлігі жеңіске жетті, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Олардың арасында бірінші, екінші және үшінші нөмірлі болып өзара қолғап түйістірген отандастарымыз да бар. Ерлер арасында Жандос Қыдыралиев Өзбекстанның өкілі Асадбек Раджабовты, Алмат Әбдуәли 2015 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Лондон және Рио Олимпиадасына қатысқан Үндістан боксшысы ...

    Read More »

    Велотректен ұлттық құрама Олимпиаданың лицензиясын жеңіп алды

    Қазақстан құрамасы велотректен  Олимпиаданың бір жолдамасына ие болды. Бұл лицензия жеке спортшының өзіне емес, ұлттық федерацияға беріледі. Ал Олимпиадаға Қазақстан атынан баратын спортшы кейрин пен спринт дисциплинасында бақ сынай алады. Қазір Қазақстан командасының қоржынында 51 лицензия бар. Велотректен ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Иван Сиваштың айтуынша, қазір командада бәсеке артқан. Олимпиадаға кімнің баратыны анық емес. Канададағы жарыстан соң рейтинг шығып, квота ...

    Read More »

    Теннистен Қазақстан құрамасы ширек финалға шықты

    Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогының Азия — Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын ширек финалға шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. А тобында Ярослава Шведова жаттықтыратын жасөспірімдер командасы Индонезия құрамасын 3:0 есебімен жеңді. Алдымен Ева Корышева индонезиялық Наомиді 6:0, 6:0 есебімен жеңсе, Ариана Гогулина Синклерден 6:4, 6:2 есебімен ...

    Read More »

    Хабиб Нурмагомедов 6 жылға сотталуы мүмкін — БАҚ

    UFC-дің экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедов салықтан жалтарып, төлемегені үшін РФ Қылмыстық кодексінің 199-бабы бойынша 6 жылға дейін сотталуы мүмкін. Eadaily.com порталы Ресейдің «Спорт-экспресс» басылымына сілтеме жасай отырып, Хабиб Нурмагомедовтің  салық қызметі алдында үлкен қарызы бар екенін хабарлады. Хабиб Нурмагомедовтің 306 млн 688 мың 389 рубль (шамамен 1,5 млрд теңге, — ред.) қарызы бар болып шықты. Ресейдің Федералдық салық қызметі Нурмагомедовке тиесілі ...

    Read More »

    «Шин-Лайн» компаниясы балмұздақ өндірісі бойынша әлемдік көшбасшылар рейтингіне көтерілді

    «Шин-Лайн» компаниясы 2023 жылдың қорытындысы бойынша Euromonitor халықаралық талдау компаниясы дайындаған деректерге сәйкес, әлемдік балмұздақ өндірушілер арасында әлемде 36-орынға ие болды.  Бұл өте жоғары көрсеткіш, өйткені бұл рейтингке әлемнің түкпір-түкпірінен, бірнеше жүздеген нәтижелі кәсіпорындар енген, ал отандық өндірушілерді «Шин-Лайн» таныстырады. Алғашқы ондыққа Ұлыбритания, Швейцария, АҚШ және Оңтүстік Корея сияқты балмұздақ өндірісіндегі көшбасшы елдер кірген. Тұрақты көшбасшылар қатарында Mars, Unilever, Nestle ...

    Read More »

    Теннистен ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алғашқы жеңісіне жетті

    Шымкент қаласында теннистен жасөсіпірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне жетті, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Asia/Oceania Final Juniors Billie Jean King Cup іріктеу турнирінің алғашқы күні ел құрамасы Вьетнам командасын 3:0 есебімен жеңді. Алдымен Альбина Кәкенова вьетнамдық Нгуенмен күш сынасты. Отандасымыз одан  6:1, 6:1 есебімен айласын асырды. Содан кейін Ариана Гогулина Вудан 6:1, 6:2 есебімен басым ...

    Read More »